
2020 ж. 20 қаңтарда Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов бастаған қазақстандық делегация Париждің маңында орналасқан Rungis атты Еуропадағы ең үлкен көтерме сауда нарығына барып келді.
ҚР-дың Франциядағы Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылған сапар барысында делегация ет, жеміс-көкөніс, сүт және ірімшік павильондарының жұмысымен танысып, сондай-ақ нарықты басқаратын «Semmaris» компаниясының басшылығымен келіссөздер өткізді.
Ресей, Қытай және Орталық Азия сияқты ірі нарықтардың географиялық жақындығын ескере отырып, тараптар Қазақстанда көтерме сауда жүйесін дамытудың үлкен перспективаларын атап өтіп, мұндай орталықтар желісін құру азық-түлік қауіпсіздігін арттыру, сабақтас салаларда жұмыс орындарын құру, сондай-ақ ауылшаруашылық өндірісін ұлғайту және сыртқы нарыққа өнімді экспорттау арқылы экономикаға мультипликативті әсер ететіндігіне келісті.
Бұл тұрғыда «Semmaris» технологиялар мен ноу-хаудың трансфертін көздейтін Алматы облысында алғашқы осындай орталықты салу туралы жеке қазақстандық серіктестермен келіссөздерді жалғастыратын болады.

