Қазақстан командасы Дүниежүзілік XIX жазғы Гимназиадада 3-ші жалпыкомандалық орынға ие болды

Қазақстан командасы Дүниежүзілік XIX жазғы Гимназиадада 3-ші жалпыкомандалық орынға ие болды

2022 жылдың 14-22 мамыр арлығында Нормандия аймағында (Франция) Дүниежүзілік XIX Гимназиада (оқушылар арасында Жазғы Олимпиада ойындары) өтті.

234 қазақстандық жастар 18 спорт түрінен, атап айтқанда, бадминтон, баскетбол 3х3, бокс, еркін күрес, әйелдер күресі, грек-рим күресі, дзюдо, жеңіл атлетика, үстел теннисі, спорттық бағдарлау, жүзу, жағажай волейболы, регби, садақ ату, таэквондо, семсерлесу, көркем және спорттық гимнастикадан бақ сынады.

Қазақстандық оқушылардың тұңғыш рет Дүниежүзілік гимназиадаға қатысып, құрама бойынша 86 медальмен жалпыкомандалық есепте 3-орынға ие болды.

Әлемнің үздік 70 мектеп командаларының қатысуымен өткен халықаралық спорт додасында жас спортшыларымыз және олардың бапкерлері еліміздің намысын қорғап, халықаралық спорттық сайыс алаңынан мол тәжірибе жинап, мектеп спортының дамуына және спорт резервінің қалыптасуына одан әрі серпін беретіні анық.

Жарыстардың қорытындысы бойынша Қазақстанның Франциядағы Елшісі Жан Ғалиев қазақстандық спортшылар командасымен кездесті. “Біз Сіздермен әріптеспіз, өйткені шетелде еліміздің намысын қорғаймыз. Сіздерді алдағы 2024 жылғы Парижде өтетін Олимпиадада ұлттық құрамада көруге өте үміттеміз” деп атап өткен Елші мырза команда мүшелерін құттықтап, жаңа жеңістер мен үлкен жетістіктерге жете берулеріне тілектестігін білдірді.