Еуропаның жетекші университеттерінің бірінің президенті Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезіне қатысады

Еуропаның жетекші университеттерінің бірінің президенті Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезіне қатысады

2022 жылғы 25 сәуір, Страсбург – Қазақстанның Франциядағы Елшісі Жан Ғалиев Францияның Үлкен Шығыс аймағына жұмыс сапары барысында Страсбург қаласы Университетінің (Unistra) Президенті Мишель Денекенмен кездесті. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың атынан осы жылдың 14-15 қыркүйегінде Қазақстан астанасында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезіне қатысуға шақыру хатын табыс етуге құрметіне ие болды.

Бұл шақыру ризашылықпен қабылданды. Еуропаның жетекші университеттерінің бірін басқарумен қатар, Денекен мырза беделді француз теологы және қазіргі католик діни қызметкері болып табылады деп айта кету керек.

Сонымен қатар, бұл кездесу жоғары білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық болашағын талқылауға мүмкіндік берді. Осыған байланысты Елші Ж.Ғалиев сұхбаттасушыны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылға қарай елімізде беделді шетелдік университеттердің кемінде бес филиалын ашу туралы тапсырмасы туралы хабардар етті.

Мишель Денекен студенттер мен докторанттарға Еуропада танылатын дуалды білім мен тиісті дипломдар алуға мүмкіндік беретін Unistra-ның шет елдермен академиялық серіктестікті дамытуда үлкен тәжірибесі бар екенін атап өтті. Алдағы Нұр-Сұлтанға іс-сапары барысында Қазақстан Білім және ғылым министрлігінің басшылығымен келіссөздер жүргізу жоспарлануда.

Анықтама: Unistra инновация саласында әлемде 16-шы және Еуропада 1-ші орынға ие.