Қазақстан Елшісі Париждің Саяси зерттеулер институтының тыңдаушыларының алдында сөз сөйледі

Қазақстан Елшісі Париждің Саяси зерттеулер институтының тыңдаушыларының алдында сөз сөйледі

Париж, 2021 жылғы 4 желтоқсан – Париждің Саяси зерттеулер институтының (Sciences Po de Paris) шақыруы бойынша Қазақстан Республикасының Франциядағы Елшісі, ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілі Жан Ғалиев осы әлемдік маңызы бар жоғары оқу орнының болашақ студенттеріне арналған арнайы курстар тыңдаушыларының алдында дәріс оқыды.

Француз жастарымен кездесу Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастарының алдағы мерейтойына орайластырылды.

«Еуразия құрлығының қақ ортасында орналасқан Қазақстан, бай және сан алуан табиғи ресурстарға ие әлемдегі аумағы бойынша тоғызыншы ел, бірінші ғарыш айлағы, Конституциясы француз үлгісімен шабыттанған жас республика болып табылады [...] бірақ біздің мемлекеттілігіміздің негіздері ұзақ тарихқа ие, олар XV ғасырдың ортасында қаланды. Шежірелер айтып тұрғандай, Франция Ұлы далаға XIII ғасырда қызығушылық танытты, ол кезде саяхатшы-зерттеуші, дипломат және жазушы Гийом де Рубрук француз королі Луи IX тапсырмасы бойынша сол жерге жіберілді», - деп айтты Ж.Ғалиев өзінің кіріспе сөзінде.

Елші екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің даму сапасы мен динамикасын атап өтті, соның арқасында қазіргі күрделі уақытта да жаңа экономикалық және мәдени-гуманитарлық жобалар іске асырылуда.

БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге, бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған халықаралық үдерістеррге белсенді және жауапты қатысушы Қазақстанның сыртқы саяси қызметі студенттердің ерекше қызығушылығын тудырды.

Қазақстандық дипломат француз саяси элитасының болашақ өкілдерімен өз жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, конференция қатысушыларының сұрақтарына жауап бере отырып, бірқатар практикалық кеңестер берді.

Өз кезегінде Sciences Po de Paris аға оқытушысы Фабьен Фишо Елшіге Қазақстан дипломатиясына жасаған экскурсиясы үшін алғыс айтып, Қазақстан халқын ұлттық мерекемен құттықтады.