Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің медалі француз сенаторына табыс етілді

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің медалі француз сенаторына табыс етілді

Париж, 19 қазан 2021 жыл – Қазақстанның Франциядағы Елшілігінде екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасты нығайтуға және парламентаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін сенатор Паскаль Аллизарды Сыртқы істер министрлігінің медалімен марапаттау рәсімі өтті.

П.Аллизар Кальвадос (Нормандия аймағы) департаментінен сенатор, Сыртқы істер, қорғаныс және қарулы күштер жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары, Франция Парламенті Сенатының Еуропалық істер жөніндегі комиссиясының мүшесі және ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы төрағасының орынбасары болып табылады.

Қазақстанның Франциядағы Елшісі Жан Ғалиев ФР Сенат пен Парламентінің Ұлттық Ассамблеясы депутаттарының қатысуы барысында марапатты П.Аллизарға табыс ете отырып, Қазақстан мен Франция арасындағы қарым - қатынастарды екіжақты деңгейде, сондай-ақ халықаралық және өңірлік ұйымдар аясында нығайтуға қосқан ерекше үлесін атап өтті.

Өз кезегінде П.Аллизар Франция үшін Қазақстан 2008 жылы жасалған стратегиялық серіктестік туралы келісіммен байланысқан Орталық Азиядағы бірінші саяси серіктес екенін баса айтты. Сенатор екі ел арасындағы өзара іс-қимылдың ажырамас бөлігі ретінде парламентаралық ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығына тоқталды. Жаһандық геостратегиялық мүдделердің одан ары Азияға қарай жылжуын ескере отырып, оның пікірінше, Қазақстан азиялық аймақта маңызды орынға ие.

Сонымен қатар, Француз сенаторы Тәуелсіздіктің 30 жылында өзінің тиімділігін дәлелдеген көпвекторлы стратегия шеңберінде Қазақстан Республикасының теңдестірілген сыртқы саясатын жоғары бағалады және біздің елдің көпжақты дипломатия принциптерін берік ұстануын құптады.