Қызылорда мен Ножан-сюр-Марн бауырластықты спорттық эстафетамен атап өтті

Қызылорда мен Ножан-сюр-Марн бауырластықты спорттық эстафетамен атап өтті

Ножан-сюр-Марн, 2021 жылғы 26 қыркүйек - Қазақстандықтар 10 шақырымдық «La Nogent Baltard» жарысына қатысты. Эстафета жергілікті билік пен кәсіпкерлердің қолдауымен 2010 жылдан бері өткізіліп келеді. Оған дәстүрлі түрде Ножан-сюр-Марнға бауырлас қалалардың өкілдері қатысады.

Өздеріңіз білетіндей, биыл Қазақстанның Қызылорда қаласы Ножан қаласымен бауырлас болды. Сонымен қатар 250-ден астам жүгірушілердің арасында француз қаласымен бауырлас неміс Зигбург пен поляк Болеславье қалаларының өкілдері болды. Қазақстандық команда өздерінің қатысуын еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнады.

Әйелдер арасындағы жарыстың жеңімпазы неміс қызы Соня Верникованың ата-анасы шымкенттік екені назар аудартады. Олар отандастарымен қауышуда қуанышты болып, қазақ туының астында құттықтауларды қабылдады.

Ножан-сюр-Марн қаласының мэрі Жак Мартэн бауырлас қалалардың спортшыларын қарсы алып, қала билігінің бауырластық қатынастарды дамытуға үлкен көңіл бөлетінін атап өтті. Осыған байланысты ол Қызылорда мен Ножан-сюр-Марн арасындағы ресми делегациялардың өзара сапарларын ұйымдастыруға ниетін растады.