Жастарды сапалы білім алу жолында қолдау – Қазақстанның дипломатиялық қызметінің басымдықтарының бірі

Жастарды сапалы білім алу жолында қолдау – Қазақстанның дипломатиялық қызметінің басымдықтарының бірі

Қазақстанның Франциядағы Елшісі Жан Ғалиевтің студенттік қоғамдастық активімен дәстүрлі кездесуі барысында сапалы білім беру, жас ұрпақтың кәсібилігі мен құзыреттілігін үздіксіз арттыру, отандастардың құқықтары мен қолдауын қорғау, олардың қоғамдық өмірге қатысуы саласындағы мемлекеттің басымдықтары талқыланды.

Елші, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында қазақстандық жастарға елімізді қазіргі заманға сәйкес бәсекелі, халықаралық өмірге белсенді қатысушы ретінде әрі қарай дамыту бойынша жауапты мақсат жүктелетін болады және осы орайда жаңа ұрпақтың қалыптастыру маңыздылығын атап өтті.

Кездесуде Мемлекет басшысы ү.ж. 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында атап өткен жастар мен білім беру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ басымды секторлар үшін жоғары кәсіби, талапкер және патриоттық сезімге ие мамандарға деген сұраныс бар екеніне назар аударылды.

Парижде, Лилльде, Клермон-Ферран мен Гренобльде оқитын студенттер Қазақстанның басымдықтарына сәйкес келетін жобаларды іске асыру бойынша француз компанияларымен жұмыс істеуге, атап айтқанда, баламалы энергетика, кен өндіруші өнеркәсіп, медицина, IT-технологиялар, әділет және адам құқықтарын қорғау секторына қатысуға қызығушылық танытты.

Пікір алмасу барысында оқу мен тұруға байланысты әкімшілік кедергілерді еңсеру, пандемия және вакцинация жағдайында санитарлық шараларды сақтай білу, сондай-ақ бірлескен мәдени және спорттық іс-шараларды ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Кездесу қорытындысында Ж.Ғалиев жас отандастарға олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды ұдайы қолдайтындығына және ол бұл Қазақстанның бүкіл дипломатиялық қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылатынына сендірді. Өз кезегінде студенттер Елшілікке тұрақты кездесулер ұйымдастырғаны, сондай-ақ оларды қызықтыратын мәселелерді мазмұнды талқылағаны үшін алғыс білдірді. Жас қазақстандықтар еліміздің дамуына және оның шетелдегі оң имиджін нығайтуға өз үлесін қосуға дайын екендіктерін атап өтті.