
Париж, 2021 жылғы 14 қыркүйек – Қазақстанның Франциядағы Елшісі Жан Ғалиев SUEZ француз компаниясының аға вице-президенті Тимотэ Каржильмен кездесті.
Келіссөздер барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларын іске асыру мақсатында SUEZ-тің озық технологияларын қолдану мүмкіндіктері талқыланды.
Сұхбаттасушы санитарлық дағдарысқа қарамастан, екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің қарқынды дамуы мен нығаюын атап өтті, бұл Қазақстандағы өз қызметін кеңейтуге бағытталған француз компаниялары мен инвестициялық қорларға деген сенімділікті одан әрі арттыратынын жеткізді.
Т.Каржиль қазақстандық әріптестермен су ресурстарын ұтымды пайдалану және қалалар мен ауылдарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелерінде ынтымақтастықты дамытуға ерекше қызығушылық танытты. Осыған байланысты, француз компаниясының цифрландыру саласында қолданатын жетістіктері су шығынын азайтуға және желілерге қызмет көрсету құнын арзандатуға мүмкіндік беретіні туралы айтылды. Сонымен қатар, SUEZ өкілі «Астрахань-Маңғышлақ» магистралды су құбырын жаңғырту және Маңғыстау облысында су тұщытатын жаңа зауытын салу бойынша жобалардағы өзара іс-қимыл перспективаларын талқылауға дайын екенін атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша ҚР мүдделі ұйымдар және өңірлерімен нақты келіссөздер жүргізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
«SUEZ GROUP» (ТҰК) 1858 жылы құрылған. Сумен жабдықтау, ағын суларды тазарту, электр энергетикасы және газбен жабдықтау саласындағы әлемдегі ең ірі компаниялардың бірі болып табылады.