
Париж, 2021 ж. 6 шілде – Нұр-Сұлтан қ. – Елорда күнін мерекелеу аясында Париж мэрінің орынбасары Арно Нгача, Париждің 8-ші округінің мэрі Жанна д'Отсэр және француз астанасы мэриясының қызметкерлері «Қар барыстары» мүсіндік композицияларын ұлықтау рәсіміне қатысу үшін Қазақстан Елшілігіне келді. Жобаны қазақстандық мүсінші Эдуард Казарян жасаған.
Іс-шара барысында А.Нгача жақын арада екі астананың арасындағы достық туралы пактіге қол қою үшін Нұр-Сұлтанға сапармен бару ниетін растады. Сондай-ақ, ол Қазақстан мен Франция арасындағы қарым-қатынастарын нығайту және туризмді дамыту үшін Нұр-сұлтан мен Париж арасындағы тұрақты мәдени алмасулардың маңыздылығын атап өтті.
Қар барысы Қазақстан Республикасының ұлттық рәміздерінің бірі және ол халқымыздың баға жетпес табиғи, әрі мәдени мұраларын көрсете отырып, зор қоғамдық маңызға ие. 2013 жылдан бастап Халықаралық қар барысы күні жыл сайын 23 қазанда атап өтілуде.