Парижде Ұлттық домбыра күні атап өтілді

Парижде Ұлттық домбыра күні атап өтілді

3 шілдеде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өткізілетін іс-шаралар шеңберінде Франциядағы Қазақстан Елшілігінде «Қорқыт-Абай» мәдени орталығының оқушылары үшін Ұлттық домбыра күніне орайластырылған «Қайырлы түн, Мюлотт» ертегісінің желісімен қуыршақ спектаклі көрсетілді. Іс-шараны Қазақстанның Франциядағы Елшілігі және «Қорқыт-Абай» қазақ мәдени орталығы ұйымдастырды. Сондай-ақ қонақтарға мәдени орталық оқушыларының орындауында домбырада ойнау көрсетілді.