
Нұр-Сұлтан, 2021 жылғы 22 маусым – Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Франция үкіметаралық комиссиясының тең төрағалары, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов пен Еуропа және Франция Республикасының Сыртқы істер министрі жанындағы Сыртқы сауда және экономикалық тартымдылық жөніндегі министр-делегат Франк Риестердің бейнеконференция форматында кездесуі өтті.
Келіссөздер барысында уран өндірісінде, машина жасау, аэроғарыш, денсаулық сақтау және басқа да салаларда экономикалық ынтымақтастықтың ағымдағы ахуалы талқыланды.
Бейнеконференция қорытындысы бойынша министрлер жобалардың тиісінше ілгерілеуін қадағалау үшін тұрақты кездесулердің маңыздылығын атап өтті.