Парижде қазақстандық жас дарындардың жұмыстары көрсетілді

Парижде қазақстандық жас дарындардың жұмыстары көрсетілді

Париж, 2021 жылдың 19 маусымы – Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30-жылдығы аясында өткізілетін іс-шаралар шеңберінде Франциядағы Қазақстан Елшілігінде мүмкіндігі шектеулі жас қазақстандықтар суреттерінің «Әлем балалар көзімен» атты көрмесі ұйымдастырылды. 

Іс-шараны Қазақстанның Франциядағы Елшілігі, «MPL Culture» компаниясы, мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсететін «Аялаған алақан» қазақстандық қоғамдық қайырымдылық қоры ұйымдастырған.

Сонымен қатар, қонақтарға француз тіліне аударылған «Әуезханның 40 ұлы» атты қазақ халық ертегісі көрсетілді. Бейнелі көрмелердің авторы Ангулем қ. Анимация мектебінде екінші курстың жас студенті Доминика Қыдырбаева болды. Ұзақ айлар бойы бұл жоба бойынша қазақстандықтар мен француздардың бірлесе еңбек етті. Бүгінгі таңда ертегі француз және орыс тілдеріне аударылған. Бірақ басқа елдердің, соның ішінде Швейцария мен Германияның қызығушылығын ескере отырып, неміс және ағылшын тілдеріндегі нұсқалары дайындалуда.

Қазақстанның Франциядағы Елшісі және ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілі Жан Ғалиев өзінің алғы сөзінде «Аялаған алақан» қорының «мүмкіндіктері шектеулі емес, бірақ суреттерінен шығатын ерекше дарыны мен жарқын энергетикасы бар балалардың шығармашылығын көрсете отырып», өте маңызды жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті. 

Анықтама: Рада Хайрушева басқаратын «Аялаған алақан» қоры бұған дейін Қазақстанның Үндістандағы, БАӘ-дегі, Армениядағы, Латвиядағы елшіліктерімен ынтымақтастықта осындай көрмелер ұйымдастырған болатын және қазіргі уақытта халықаралық қоғамдастықты мүмкіндіктері шектеулі және білім алуда ерекше қажеттіліктері бар жас қазақстандықтардың шығармашылығымен таныстыру үшін жаңа іс-шаралар өткізу үстінде.