Париж, 2021 жылғы 20 сәуір - Қазақстанның Франциядағы Елшісі Жан Ғалиев Франция Республикасының Еуропа және сыртқы істер министрі жанындағы сыртқы сауда және экономикалық тартымдылық жөніндегі министр-делегат, Қазақстан-француз Үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы Франк Риестермен және оның кабинеті мүшелерімен кездесу өткізді.
Дипломаттар екі ел арасындағы стратегиялық әріптестіктің сенімді сипатын атап өтіп, екіжақты сауда-экономикалық күн тәртібінің ағымдағы жағдайы мен оны кеңейту перспективалары жөнінде пікір алмасты. Мәселен, сәуір айының соңында Парижде экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның 14-ші отырысын өткізу жоспарланып отыр.
Ф.Риестер өзара тиімді серіктестік орнатуға мүдделі француз бизнесмендері делегациясымен бірге біздің елімізге мамыр айының ортасында келуді көздеп отыр.
Қазақстандағы француз компанияларының өзекті мәселелері Министр-делегат кабинетінің директоры Люси Муньезамен жеке кездесуде жан-жақты талқыланды.
Қазақстандық дипломат пандемияға және онымен байланысты шектеулерге қарамастан, екі елдің сауда-экономикалық байланыстары бұдан әрі де кеңейе беретініне сенім білдірді. Өзара сапарлардың қорытындысы бойынша жаңа бірлескен жобалар, оның ішінде ауыл шаруашылығы, цифрлық технологиялар және жаңартылатын энергия көздері сияқты басым салалардағы жобалар жарияланады деп күтілуде.