
Париж, 19 сәуір 2021 - Францияның ірі кәсіпорындары-«MEDEF» қауымдастығы мүшелерінің қатысуымен өткен іс-шаралар тізбегін жалғастыру аясында Қазақстанның Елшісі Жан Ғалиев Business France Бас директоры Кристоф Лекуртьемен келіссөздер жүргізді. Бұл Агенттік басқа мемлекеттердегі кәсіпкерлерге толық қолдау көрсете отырып, француз шағын және орта кәсіпорындарды (ШОК) шетелге жылжытуға маманданған.
Келіссөздер барысында тараптар екі елдің экономикасын дамыту үшін шағын және орта бизнес компанияларының маңыздылығын, сондай-ақ екі мемлекет арасындағы экономикалық белсенділіктің осы сегментінің үлкен әлеуетін атап өтті.
Қазақстан Елшісі Business France әріптестерін Францияның ШОК қауымдастығын еліміздің экономикасының түрлі салаларындағы қолданыстағы жобалармен танысуға белсенді қатысуға шақырды, тараптардың әлеуеті мен Қазақстанның қолайлы географиялық жағдайын ескере отырып, кең мүмкіндіктердің бар екенін атап өтті.
Business France Бас директоры «Kazakh Invest» ҰК» АҚ-мен меморандумға қол қою арқылы серіктестік байланыстарды кеңейту ниетін бекітуге дайындығын білдірді.