ЮНЕСКО қамқорлығымен Шымкентте Наурыз мерекесіне арналған халықаралық вебинар өтті

ЮНЕСКО қамқорлығымен Шымкентте Наурыз мерекесіне арналған халықаралық вебинар өтті

Париж, 2021 ж. 26 наурыз - Жаһандық карантин жағдайында бүкіл әлем бойынша миллиондаған адамдар көктемгі жаңару мен табиғаттың оянуының жалпыға ортақ, шабыт мерекесі Наурызды атап өтті.

Осыған орай, ү.ж. 26 наурызда Шымкент қаласы әкімдігінің бастамасымен, ЮНЕСКО-ның қамқорлығымен «Наурыз дәстүрі жастардың қолында» атты тақырыбы бойынша халықаралық вебинар ұйымдастырылды.

Іс-шараға қатысушылар жастарды алдыңғы ұрпақтардан мұрағаланған бай мәдени дәстүрлерді зерттеуге және қолдауға тарту; Ұлы Жібек жолындағы тарихи тәжірибені бекіту және байланыстарды жаңарту тақырыбын талқылады.

Іс-шараның ашылуында сөз сөйлеген ЮНЕСКО Материалдық емес мәдени мұраны қорғау туралы Конвенцияның хатшысы Тим Кёртис вебинар қатысушыларын көктемнің басталуымен құттықтап, «Наурыз шын мәнінде әлемнің көптеген елдерінде атап өтілетін және адамдарды махаббат, достық және өзара құрмет құндылықтарының айналасына біріктіретін жарқын халықаралық мерекесі» екенін атап өтті. Сондай-ақ, Конвенцияның хатшысы ЮНЕСКО-ның 2020-2021 жылдарға арналған атаулы және мерейтойлық күндер тізбесіне енгізілген Шымкент тұрғындарын қаланың 2200 жылдығымен құттықтады.

Қатысушылар іс-шараның онлайн форматы мен қашықтығына қарамастан, мәдениеттердің өзара жақындығын және жүректердің шынайы жылуын сезінгендерін атап өтті. Осы платформада жыл сайын кездесуді жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Форумның жұмысына ЮНЕСКО Ұлттық комиссияларының өкілдері мен Ауғанстан, Әзербайжан, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Түркияның сарапшылары қатысты. Вебинарға Азия өңіріндегі ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі төрт өңірлік орталықтың өкілдері өз құттықтауларын жолдады.

Іс-шара ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының, Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі Ұлттық комитетінің, Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты жанындағы ЮНЕСКО ғылым және руханият кафедрасының және ҚР ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілдігінің көмегімен және қолдауымен өтті.

2010 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 64/253 қарарына сәйкес жыл сайын 21 наурызда әлемдік қауымдастық Халықаралық Наурыз күнін атап өтетінін естеріңізге сала кетейік. ЮНЕСКО-да көктемгі жаңаруды мерекелеу дәстүрлері Ауғанстан, Әзірбайжан, Үндістан, Ирак, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Пәкістан, Тәжікстан, Түркіменстан және Түркияның бірлескен ұсынысы ретінде адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының Репрезентативтік тізіміне кіреді.