Нұр-Сұлтан мен Париж арасындағы достық ағашы әйгілі Салтанат Қақпасы маңында пайда болды

Нұр-Сұлтан мен Париж арасындағы достық ағашы әйгілі Салтанат Қақпасы маңында пайда болды

Париж, 2021 жылғы 23 наурыз - Наурыз мейрамына орай Қазақстан Республикасының Франциядағы Елшісі Жан Ғалиев Париждің 8-ші аудан мэрінің уәкілетті өкілі Доминика Нюжейрмен бірге ағаш отырғызу рәсіміне қатысты.

«Бұл шара бізге ізгі ниет, бірлесе атсалысу және достық сәттерін сыйлады. Бұл жүректерімізге жылу ұялатады», - деді Д.Нюжейр.

Өз кезегінде Елші Жан Ғалиев бұл рәсім ерекше кезеңде өтіп жатқандығын, атап айқтанда еліміз Тәуелсіздіктің 30 жылдығы, сондай-ақ Қазақстан мен Франция арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнауына жақында 30 жыл толатынын айтты. «Бұл екі ел арасындағы ғана емес, екі ел астанасы арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңінің басталуының символы. Ағаштың Салтанат Қақпасы маңына отырғызылуында белгілі бір символизм бар», - деп атап өтті қазақстандық дипломат және бұл оқиға жаңа жеңістің - коронавирус пандемиясын жеңудің бастамасы болатындығына сенім білдірді.