
Француздық «Air Liquide» компаниясы мен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Атырау мұнай өңдеу зауытына өндірістік техникалық газдарды жеткізу туралы келісті. Жоба «Эр Ликид Мұнай Тех Газы» ЖШС бірлескен кәсіпорны арқылы іске асырылатын болады. Инвестицияның жалпы көлемі 86 млн. еуроны құрайды.
Ұзақ мерзімді келісімшарт аясында жыл сайын 200 млн. текше метр сутек пен 50 млн. текше метр азот өндіру жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, аталған келісім цифрлық технологиялардың трансфертін, қуатты тұтынуды оңтайландыру, жабдықтың техникалық беріктігі мен өндіріс тиімділігін арттыруды да көздейді. Бұл үшін сутек пен азот өндіру қондырғылары
Air Liquide – өнеркәсіп, денсаулық сақтау және қоршаған ортаны қорғау салаларына арналған газ өндіру бойынша әлемдегі жетекші кәсіпорын. Air Liquide технологиялық инновациялары өнеркәсіп компанияларының энергетикалық шығындарын қысқарту мен ластайтын заттарды шығару көлемін азайту мақсатында, табиғи ресурстарды орынды пайдалану және сутек, биоотын немесе күн жарығы сияқты болашақ қуат көздерін дамыту үшін пайдаланылады.
«Эр Ликид Мұнай Тех Газы» ЖШС – ҚМГ (25%) мен Air Liquide (75%) компанияларының бірлескен кәсіпорны. Ол 2018 жылдан бері Павлодар мұнай-химия зауытының сутек және бумен қамту қондырғыларын басқару жобасын іске асырып келеді.