
Соңғы 20 жылда Қазақстан шет елдерге дамудың ресми көмегіне ұқсас мақсаттарға 542 млн. АҚШ доллар бөлді. Қазақстан қысқа мерзім ішінде көмек алушыдан халықаралық донорға айналды, ол даму мақсатында Орталық Азияның басқа елдеріне және Ауғанстанға көмек көрсету үшін донор елдермен ынтымақтасады.
2013 жылғы 9 сәуірде ҚР Президентінің №538 Жарлығымен дамуға ресми көмек саласындағы Қазақстан Республикасының Тұжырымдамасы бекітілді.
«Дамуға ресми көмек туралы» 2014 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, 2020 жылғы 15 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен «KazAID» қазақстандық халықаралық даму агенттігі құрылды. Осы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі дамуға ресми көмек саласындағы уәкілетті орган болып табылады.
Дамуға ресми көмектің мақсаттары мен міндеттері
1) Қазақстан Республикасының өңірлік және халықаралық байланыстар жүйесіне одан әрі интеграциялануына;
2) Қазақстан Республикасының даму стратегиялары мен бағдарламаларын табысты іске асыру үшін қолайлы сыртқы жағдайлар жасауға;
3) бейбітшілікті, өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға;
4) әріптес елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы және оның азаматтарының әл-ауқатын арттыруға;
5) әріптес елдің қоршаған ортаны қорғау және климатты сақтау мәселелерін басым іске асыруға кезең-кезеңімен көшуіне жәрдемдесу мақсатында жүзеге асырылады.
1) дамуға ресми көмек саласында Қазақстан Республикасы қолдайтын халықаралық мақсаттарға қол жеткізуге жәрдемдесу;
2) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
3) Қазақстан Республикасының әріптес елмен саяси, экономикалық, білім беру, қоғамдық, мәдени, ғылыми және басқа да байланыстарын дамыту;
4) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін және халықаралық жағдайды ескере отырып айқындалатын әріптес елдің дамуына жәрдемдесу;
5) өңірлік ынтымақтастықты дамыту және өңірлік проблемаларды шешуге жәрдемдесу;
6) кедейлікті азайту;
7) қоршаған ортаны қорғау және климатты сақтау мәселелерін шешуге жәрдемдесу;
8) дамуға ресми көмек саласындағы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары және басқа да міндеттемелері шеңберінде басқа да мәселелерді шешуге жәрдемдесу болып табылады.
Дамуға ресми көмектің географиялық басымдықтары
Қазақстан Республикасының дамуына ресми көмектің географиялық басымдықтарын айқындау кезінде жаһандық дамудың сын-қатерлері, ұлттық әлеует пен қолда бар ресурстар ескерілді. Қазақстан Республикасы Орталық Азия елдері мен Ауғанстанды дамытуға басым көмек көрсету туралы шешім қабылдады.
Бұл ретте Қазақстанның дамуға ресми көмегін дамыту саласындағы жалпы әлемдік күш-жігердің бір бөлігі ретінде Қазақстан Республикасының қызметінде барынша синергетикалық әсерге қол жеткізу үшін Кавказ өңіріне, Африкаға, Латын Америкасына, шағын аралдық дамушы мемлекеттерге, неғұрлым аз дамыған елдерге, теңізге шыға алмайтын елдерге, сондай-ақ басқа да өңірлерге бағдарлануы мүмкін.
Дамуға ресми көмектің секторлық басымдықтары
Дамуға ресми көмек әріптес елдің мынадай секторларын дамытуға бағытталады:
1) ауыл шаруашылығы және азық-түлік қауіпсіздігі;
2) жаһандық және өңірлік экологиялық бастамаларды дамытуға жәрдемдесуді қоса алғанда, қоршаған ортаны қорғау болып табылады;
3) табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану;
4) трансшекаралық су проблемаларын шешуге жәрдемдесу;
5) шекарадан өту рәсімдерін жеңілдетуге ықпал ету;
6) жанжалдардың алдын алу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
7) адам саудасын, заңсыз көші-қонды және қарудың заңсыз айналымын қоса алғанда, есірткінің заңсыз айналымына және трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес болып табылады;
8) білім және ғылым;
9) денсаулық сақтау;
10) мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру;
11) кәсіпкерлікті қолдау және бизнес-ахуалды жақсарту;
12) өңірлік және халықаралық сауданы, оның ішінде теңізге шыға алмайтын елдердің көліктік және өзге де инфрақұрылымға қол жеткізуін жақсарту жолымен дамыту;
13) Қазақстан Республикасының Дамуға ресми көмек саласындағы мемлекеттік саясатының негізгі бағыттарымен айқындалатын өзге де секторлар.
Дамуға ресми көмекті іске асыру
Дамуға ресми көмек келесі нысандарда жүзеге асырылады:
1) халықаралық гранттар;
2) басым секторларда жаңа объектілер құру (салу) не қолда барларын реконструкциялау;
3) жеңілдікті шарттармен берілетін кредиттер;
4) дамуға ресми көмекке Халықаралық ұйымдарға ерікті жарналар есебінен жүзеге асырылады;
5) әріптес елмен бірлескен қорлар құру;
6) техникалық көмек;
7) халықаралық шарттар және дамуға ресми көмек саласындағы басқа да міндеттемелер шеңберінде Қазақстан Республикасы қабылдаған өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
Дамуға ресми көмек саласындағы халықаралық ынтымақтастық
Дамуға ресми көмек саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында түйінді донорлармен және халықаралық даму институттарымен мазмұнды әріптестік байланыстар орнатылды.
Атап айтқанда, АҚШ-тың USAID халықаралық даму агенттігімен, Жапонияның JICA халықаралық ынтымақтастық агенттігімен, Германияның GIZ халықаралық ынтымақтастық және даму қоғамымен, Кореяның KOICA халықаралық ынтымақтастық агенттігімен, Словакияның SlovakAID Халықаралық даму агенттігімен, Чехияның Czda Халықаралық даму агенттігімен ынтымақтастық дамуда.
2015 жылғы мамыр айында VIII Астана экономикалық форумы шеңберінде Сыртқы істер министрлігі БҰҰ ДБ-мен бірлесіп Қазақстанда «дамуға ресми көмектің қазақстандық жүйесі. Бүгін және ертең дамуға ресми көмектің қажеттіліктері мен сын-қатерлері» атты тақырыпқа панельдік сессия өткізілді.
Қазақстанның дамуға ресми көмек саласындағы жаһандық диалогқа және үйлестіруге қатысуының маңыздылығын ескере отырып, экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Дамуға жәрдемдесу комитетімен ынтымақтастықты орнату және тереңдету мәселесі дамуға ресми көмектің қазақстандық жүйесін қалыптастыру жөніндегі жұмыстың басым бағыттарының бірі болып табылады.
Осыған байланысты, 2015 жылғы шілдеде Қазақстанға Дамуға жәрдемдесу комитетімен «шақырылған» ресми мәртебесі берілді.
Қазақстандық ДРК жүйесінің пилоттық жобалары
Қазақстан БҰҰ Даму бағдарламасымен және донорлық ұйымдармен ынтымақтастықта бірқатар ДРК жобаларын іске асырды:
2014-2017 жылдары Қазақстандағы БҰҰ ДБ-мен «Қазақстанда ДРК ұлттық жүйесін құру мақсатында сараптамалық қолдау» бірлескен жобасы іске асырылды.
2017 жылы Қазақстандағы БҰҰДБ мен "MASHAV" халықаралық ынтымақтастық жөніндегі израильдік агенттігімен тығыз өзара іс-қимыл жасай отырып, Орталық Азиядағы әріптес елдер үшін қазақстандық ДРК пилоттық жобасы (Алматы және Нұр-Сұлтан) қалаларында Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан өкілдері үшін ауыл шаруашылығы саласындағы ғылыми-практикалық семинар) іске асырылды.
2017-2018 жылдар ішінде БҰҰДБ және Жапония СІМ-мен бірлесіп әзірленген «Дамуға ресми көмек саласында Ауғанстанмен ынтымақтастықта Қазақстанға жәрдемдесу» жобасы іске асырылды. Жоба шеңберінде АИР әйелдеріне арналған екі семинар өткізілді (мемлекеттік басқару саласында – 2017 жылғы шілде және денсаулық сақтау саласында – 2018 жылғы наурыз-сәуір).
2018 жылы ДРК тетігі арқылы «Назарбаев университетінде» шетелдік студенттерді оқыту жобасы іске асырылды. Осы жобаға сәйкес Орталық Азия елдері мен Ауғанстан үшін 2018-2020 және 2020-2022 оқу жылдарына білім беру гранттары берілді.
2020 жылы Тәжікстанның пенитенциарлық мекемелерін (БҰҰДБ және БҰҰ ЕҚБ бірлесіп) күзет жабдығымен жарақтандыру жөніндегі жоба іске асырылды.