Нұр-сұлтан-Париж, 2020 жылғы 11 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Нұрсұлтан Назарбаев – қазіргі қазақ мемлекеттілігінің негізін қалаушы» атты халықаралық дөңгелек үстел бейнеконференцбайланыс форматында өтті.
Іс-шараға Нұрсұлтан Назарбаев қоры, ҚР Конституциялық Кеңесі, Қазақстан халқы Ассамблеясы, ҚР Әділет Министрлігі, "Астана" халықаралық қаржы орталығы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің басшылығы, сондай-ақ Францияның Қазақстандағы Елшілігі, БҰҰ-ның Алматыдағы өңірлік өкілдігінің өкілдері және т.б. қатысты.
Қазақстан Республикасының Франциядағы Елшісі Жан Ғалиев өзінің құттықтау сөзінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың данышпандық саясатының арқасында біздің елімізде тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап қазіргі заманғы және прогрессивті, халықаралық өмірге белсенді қатысушы мемлекетті дамыту бойынша жауапты міндет жүктелетін білімді қазақстандық жастардың жаңа ұрпақтарын қалыптастыруға ерекше назар аударылатынын атап өтті.
Дөңгелек үстелге қатысушыларды Қазақстан мен Франция арасындағы стратегиялық серіктестіктің алғашқы онжылдығының негізгі қорытындыларымен таныстыра отырып, Елші білім беру саласындағы ынтымақтастықты кеңейту оның басым бағыттарының бірі болып табылатынын атап өтті. Осыған байланысты ол 2014 жылы Алматы қаласында «Сорбонна-Қазақстан» институтының ашылуы Н.Ә.Назарбаевтың жеке қолдауының арқасында орын алғанын және осы саладағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге маңызды үлес қосқанын атап өтті.