Француз компанияларына Нұр-Сұлтанның инвестициялық тартымдылығы таныстырылды

Француз компанияларына Нұр-Сұлтанның инвестициялық тартымдылығы таныстырылды

Нұр-Сұлтан - Париж, 7 желтоқсан 2020 ж., Экономикалық дипломатияны ілгерілету аясында Қазақстанның Франциядағы Елшілігі француз инвесторларына Қазақстан аймақтарының презентациялары топтамасын өткізу бастамасын көтерді.

 

Бейнеконференция форматындағы алғашқы осындай кездесу Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мен MEDEF қауымдастығына мүше - француз компаниялары арасында өтті.

 

Іс-шара Қазақстан-Франция іскери кеңесінің тең төрағалары Айдан Кәрібжанов пен Ив-Луи Даррикаррердің, Қазақстан Республикасының Франциядағы Елшісі Жан Ғалиевтің, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрованың, сондай-ақ «Astana Invest» және «Astana Innovations» компаниялары өкілдерінің қатысуымен өтті.

Келіссөздер барысында М.Бектұрова қалалық инфрақұрылымның жағдайы мен болашағы, сондай-ақ шетелдік инвесторлармен және серіктестермен өзара әрекеттесу механизмдері туралы егжей-тегжейлі ақпарат берді.

Француз компанияларының өкілдері өздерін қызықтырған бірқатар сұрақтар қойып, толыққанды жауаптар ала алды. Атап айтқанда, оларды инфрақұрылым мен көлікті дамыту, экологияны жақсарту және қоршаған ортаны қорғау, сондай-ақ цифрландыру жобаларына қатысу перспективалары қызықтырды. Француздық серіктестер ұсынылған ақпараттың жоғары сапасы мен өзектілігін атап өтті. Кездесуге қатысушылар бірлескен жобалар бойынша жүзбе-жүз талқылау өткізу үшін санитарлық кедергілердің тезірек алынатынына үміт білдірді.