Қазақстан мен Франция: ортақ тамырлардан бірлескен жемістерге

Қазақстан мен Франция: ортақ тамырлардан бірлескен жемістерге

Вилле-Котрэ, 2020 жылғы 10 қараша - Ауыл шаруашылығы саласындағы қазақстан-француз ынтымақтастығын кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасының Франциядағы Елшісі Жан Ғалиев елдің солтүстігінде О-де-Франс аймағында орналасқан Dalival кәсіпорнынға барып келді.

Бұл компанияның қызметі ғылыми-зерттеу орталығын, көшет питомнигін, сондай-ақ алма бақтарын және басқа да жеміс дақылдарын өсіруді қамтиды. Dalival-дың каталогтарында алманың 90-нан астам түрі, алмұрт, өрік, шабдалы, қара өрік және шиенің ондаған сорттары бар.

Келіссөздер барысында дипломат агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың қазіргі мемлекеттік бағдарламасы аясында Қазақстан бау-бақша шаруашылығын дамытуға айтарлықтай көңіл бөліп отырғанын атап өтті. Сонымен қатар, ішкі алма нарығында импортты алмастырудың айтарлықтай әлеуеті бар. Осыған байланысты қазақстандық бағбандармен ынтымақтастықтың нақты өзара тиімді мүмкіндіктері ашылуда. Атап айтқанда, компанияға еңбекті оңтайландыруға, өндіріс сапасы мен көлемін арттыруға бағытталған озық технологияларды пайдалана отырып, алма бақтарын өсіру бойынша әлеуетті жобаны бағалау және зерттеу үшін ҚР-ға техникалық мамандар командасын жіберу ұсынылды.

Dalival компаниясының шетелдегі филиалдарын дамыту бөлімінің бастығы Фредерик Мишо бұл ұсынысты қолдады. Ол Қазақстан алманың Отаны бола отырып, осы саланы дамыту үшін зор әлеуетке ие екенін атап өтті.  Сонымен қатар, зерттеушілер қазақстандық жабайы алма ағаштарының генетикасына қызығушылық танытып отыр. Сонымен қатар, Ф.Мишо алма бақтарын сәтті өсіруге жергілікті климаттық жағдайларға бейімделген көшеттерді таңдау, сондай-ақ білікті сарапшылардың, жұмыс күшінің және заманауи жабдықтардың болуы ықпал ететініне назар аударды. Осыған байланысты, Қазақстанның оңтүстік етегі алма бағын дамытуға ең қолайлы аймақ болып табылады.

Кездесу қорытындысы бойынша жобаның техникалық және экономикалық аспектілерін талқылау үшін бейнеконференция форматында әлеуетті серіктестердің алғашқы байланысын ұйымдастыру туралы келісімге қол жеткізілді.

Қазақстан Елшісі символдық сыйлық ретінде Алатау бөктерінен арнайы әкелінген Алматы апортын француз компаниясының қызметкерлеріне ұсынды. Бұл алмалардың хош иісі мен дәмі француздардың Қазақстанға деген қызығушылығын арттырды.