
2021 жылғы 10 қаңтарда (жергілікті уақыт бойынша 07:00-ден 20:00 дейін) Қазақстан Республикасының Франциядағы Елшілігінің консулдық бөліміндегі №246 сайлау учаскесінде (мекенжай: 59, rue Pierre Charron 75008 Paris) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауына дауыс беру өтеді.
Қазақстанның 18 жасқа толған және белсенді сайлау құқығына ие әрбір азаматы ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлауға конституциялық құқығы бар.
Сіздің аты-жөніңіздің сайлаушылар тізімінде болуы осы құқығыңызды жүзеге асыруға кепілдік береді.
ҚР Франциядағы Елшілігінің жанындағы №246 сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне болу елінде уақытша немесе тұрақты тұратын және қолданыстағы Қазақстан Республикасы азаматының паспорты бар барлық азаматтар енгізіледі.
ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!
Сайлаушылар тізіміне енгізу үшін Франция және Монако аумағындағы әрбір ҚР азаматының өзіне қатысты деректерді (Аты-жөні, ЖСН, тұратын мекенжайы, байланыс деректері) consulat.paris@mfa.kz электрондық поштасына «Сайлау-2021» тақырыбымен алдын ала жіберу қажеттігіне назар аударамыз.
Қосымша сұрақтар болған жағдайда келесі телефон нөмірлеріне хабарласуды сұраймыз:
+33(0)145613732;
+33(0)145645214;
+33(0)145645202.
Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы – Сауранбаев Мұрагер Амангелдіұлы, учаскелік сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары – Тұрлыбек Сәбит Жарылқасынұлы, учаскелік сайлау комиссиясының хатшысы – Байсабаева Әлия Ғазизқызы.