
2020 жылғы 28-29 қазан аралығында Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) Кеңесінің министрлер деңгейіндегі «Мықты, орнықты, экологиялық және инклюзивті қалпына келтіруге жол» атты цифрлық форматта отырысы (бұдан әрі – Министрлік кездесу) өтті.
Жыл сайынғы Министрлік кездесу ЭЫДҰ-ға мүше-елдер мен серіктес елдер арасында көпжақтылықты қолдану және жаһандық және ішкі қауіп-қатерлерге жауап қайтаруды жақсарту бойынша тәжірибе алмасу алаңы болып табылады.
Бұл жылы делегацияны ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов бастады. Қазақстандық делегация құрамына сондай-ақ Ұлттық экономиканың бірінші вице-министрі Ә.Ирғалиев, Сауда және интеграция вице-министрі Қ.Төребаев және ҚР Франциядағы Елшілігі кірді.
Қазақстандық делегация экономикаларды қалпына келтіру жоспарлары және пандемиядан кейінгі кезеңдегі сауда және инвестициялардың рөліне арналған екі бөлек сессияға қатысты.
Бірінші сессияда сөз сөйлеген Министр Р.Дәленов Қазақстандағы іске асырылған дағдарысқа қарсы іс-шаралар экономиканың бәсеңдеуін қамтамасыз етіп, халық және бизнеске уақытылы қолдау көрсеткенін атап өтті, сондай-ақ келешектегі ұлттық басымдықтарды ұсынды.
Министрлердің көпшілігімен құралған қағидалардың бірі пандемияға қарсы күрес және экономиканы қолдау арасында мәміленің болуы мүмкін еместігі болды; вирусқа қарсы тұра алмау одан да елеулі және ұзақ экономикалық зардаптарға әкеледі. Оған қоса, барлық қатысушылар жаһандық мәселелерді бірлесіп шешу, жасыл және цифрлық экономиканы қолайтын орнықты қалпына келтіруді қамтамасыз ету қажеттілігін мойындады.
Екінші сессияда Вице-министр Қ.Төребаев өңірдегі сауда және қазақстандық экспортты диверсификациялаудағы Еуропалық одақ және ЭЫДҰ қолдауының маңыздылығын бөліп атып өтті.
Қатысушылар ешбір ел пандемиямен жалғыз күресе алмайтынын түсіне отырып, сауда мен инвестициялар кең ауқымды және орнықты өсімді қамтамасыз ету, сондай-ақ ортақ «ойын ережелерін» қалыптастыру үшін белсенді халықаралық ынтымақтастықтың қажеттілігін мойындады.
Қорытындылар бойынша 2016 жылдан бері Министрлік мәлімдемеге бірауыздан қол қойылды (https://www.oecd.org/mcm/C-MIN-2020-7-FINAL.en.pdf).