
2020 ж. 27-28 қазан аралығында ЮНЕСКО-ның «Адам және биосфера» бағдарламасының Халықаралық үйлестіру кеңесінің 32-сессиясы өтті (ағыл. - International Co-ordinating Council of the MAB Programme).
Аталған іс-шарада Қазақстан Республикасының атынан ЮНЕСКО-ның «Адам және биосфера» бағдарламасының Қазақстан ұлттық комитетінің мүшелері - Роман Васильевич Ященко мен Виктория Олеговна Ильина, Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілдіктің дипломаттары қатысты.
Халықаралық деңгейде арнайы сараптамалық кеңес ЮНЕСКО бағдарламасының Қазақстандық Ұлттық Комитеті ұсынған «Адам және биосфера» (МАВ) құжаттамасының ЮНЕСКО-ның «Адам және биосфера» бағдарламасының критерийлеріне сәйкестігіне баға беріп, ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік биосфералық резерваттар желісінің биосфералық резерваттары ретінде Қазақстанда орналасқан Алматы және Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорықтарын мақұлдау мүмкіндігі туралы шешім қабылдады.
Осылайша бүгінгі таңда ЮНЕСКО-ның «Адам және биосфера» бағдарламасының биосфералық резерваттарының Қазақстандағы ұлттық желісінде 12 биосфералық резерват тіркелген. Бұл сан Орталық Азияның басқа елдеріндегі биосфералық резерваттар санынан едәуір асып түседі. Биосфералық резерваттардың осындай санының танылуы Қазақстанның биологиялық әртүрлілігін сақтау мәселелеріне әлемдік қоғамдастықтың назарын аударатынын және оны болашақ ұрпақ үшін сақтауға ұмтылатынын айғақтайды.
ЮНЕСКО-ның «Адам және биосфера» бағдарламасының (МАВ) Халықаралық үйлестіру кеңесінің 32-ші сессиясын өткізудің қорытындысы ретінде ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік биосфералық резерваттар желісіне әртүрлі елдердің аумағында орналасқан, олардың бірі трансшекаралық саналатын 24 биосфералық резерваттың қосылуын айтуға болады. Қазіргі таңда Дүниежүзілік биосфералық резерваттар желісіне әлемнің 129 елінің аумағында орналасқан 714 биосфералық резерват кіреді.