Стратегиялық әріптестіктің жаңа кезеңі

Стратегиялық әріптестіктің жаңа кезеңі
Қазақстан Елшісі Жан Ғалиев Сыртқы сауда және тартымдылық мәселелері жөніндегі министр-делегат кабинетінің директоры Люси Муньезамен және Францияның Еуропа және Сыртқы істер министрінің Орталық Азиядағы экономикалық дипломатия жөніндегі арнайы өкілі Паскаль Лоромен кездесулер өткізді.
Әңгімелесу барысында стратегиялық серіктестіктің алғашқы онжылдығының қорытындылары мен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың жаңа кезеңінің перспективалары талқыланды. Осыған байланысты тараптар ауыл шаруашылығы мен аграрлық және азық-түлік өнеркәсібі, энергетика мен қоршаған ортаны қорғау, цифрлық технологиялар, аэроғарыш және қорғаныс өнеркәсібі, көлік инфрақұрылымы мен машина жасау, құрылыс, туризм және т. б. басым салаларда бірқатар бірлескен жобаларды іске асыруға мүмкіндік беретін жол картасының жобасын зерделеуде.
Жыл соңына дейін үкіметтік деңгейде және мүдделі компаниялар арасында бірқатар екіжақты байланыстар жоспарланған.