Қазақстан Республикасының консулдық мекемелерi Қазақстан Республикасының келесi санаттағы азаматтарын есепке алуды жүзеге асырады:
Басқа мемлекетке уақытша тұру үшін кететін Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің персоналы, Қазақстан Республикасына бекітіп берілген квоталарға сәйкес халықаралық ұйымдар жанындағы лауазымдарға тағайындалған, шетелде уақытша еңбек қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары, бітімгершілік парызын орындаушы әскери қызметшілер, сондай-ақ, ұйымдар мен жеке адамдардың шақыруы бойынша оқуда, емделуде, туристік және жеке сапарда, шет елдерде қызметтік іссапарда жүрген адамдар жатады.
Шет елдердегi Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алудың мақсаты:
Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау;
Болу елдерiнiң заңдары, Қазақстан Республикасы мен болу мемлекетi қатысушы болып табылатын халықаралық шарттары, сондай-ақ халықаралық ғұрыптары ұсынған барлық құқықтарды Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына жан-жақты көмек көрсету;
Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасы Конституциясы мен басқа да Қазақстан Республикасының заң актiлерiн сақтауларын және олардың өз мiндеттерiн орындауларын бақылау.
Тұрақты консулдық есепке тұру үшін Қазақстан Республикасының Париж қаласындағы Елшілігінің Консулдық бөліміне келесі құжаттарды тапсыру қажет:
Уақытша консулдық есепке тұру үшін Қазақстан Республикасының Париж қаласындағы Елшілігінің Консулдық бөліміне келесі құжаттарды тапсыру қажет:
Телефон нөмірі немесе тұрғылықты тұратын мекенжай өзгерген ретте, Консулдық өкілдікке дерек хабар берулеріңізді өтінеміз.
Консулдық бөлімнің мекен-жайы:
59, rue Pierre Charron, 75008 Paris, France
Тел. +33 1 45 61 52 02, consulatkz@gmail.com