Франция аумағында орналасқан оқу мекемелерінде білім алып жүрген қазақстандық азаматтардың назарына
Құрметті студент-отандастар!
ҚР Париждегі Елшілігінің Консулдық бөлімі сіздерді уақытша консулдық есепке тұру рәсімін жүзеге асыруға шақырады.
Уақытша консулдық есепке тұру үшін көрсетілген тіркеу карточкасын (.docx) толтырып consulat.paris@mfa.kz электрондық мекенжайына жіберулеріңізді өтінеміз.
Шет елдердегi Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алудың мақсаты:
- Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау;
- Болу елдерiнiң заңдары, Қазақстан Республикасы мен болу мемлекетi қатысушы болып табылатын халықаралық шарттары, сондай-ақ халықаралық ғұрыптары ұсынған барлық құқықтарды Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына жан-жақты көмек көрсету;
- Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасы Конституциясы мен басқа да Қазақстан Республикасының заң актiлерiн сақтауларын және олардың өз мiндеттерiн орындауларын бақылау.