Қазақстан республикасының ұлттық төлқұжатын рәсімдеу
Қазақстан Республикасының халқын тіркеу мен құжаттау ережесіне (ҚР Ішкі істер министрлігінің 28.11.2011 жылғы №631 бұйрығы) сәйкес Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелерімен:
- I. Шет мемлекеттердің аумағында еңбек келісім шарты бойынша бір жылдан астам уақыт жұмыс істейтін ; онымен бірге тұратын көрсетілген тұлғалардың отбасы мүшелері,
- Шет мемлекеттердің аумағында орналасқан оқу мекемелерінің күндізгі оқу нысанында білім алатын;
III. Қазақстан Республикасынын тыс жерде тұрақты тұруға рұқсат* (яғни, Франция/Монакоға) алған Қазақстан Республикасы азаматтарына ұлттық төлқұжатын (паспорт) рәсімдеуге арналған формулярлары толтырады:
*Егерде өтініш берушіде жоғарыда көрсетілген негіздер жоқ болса, паспорт ресімдеуге тапсырған құжаттармен қатар өтініш беруші Қазақстан Республикасынынан тыс жерде тұрақты тұруға рұқсат алуға досье тапсыруына рұқсат (Елшіліктің сайтынан қараңыз, айдары: Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұруға рұқсат алу).
Ескертпелер:
- 16 ЖАСҚА ТОЛМАҒАН АЗАМАТТАР үшін ата-анасы өтініш береді (ата-анасында паспорт ресімдеуге жоғарыда аталган негізідің біреуі болуы қажет). Нақты ақтаратты Француз Республикасындағы ҚР Елшілігінің Консулдық бөліміне телефон шалып/келіп анықауды сұраймыз.
- ТЕГІҢІЗ АУЫСҚАН ЖАҒДАЙДА ұлттық төлқұжат (паспорт) рәсімдеу туралы ақтаратты Француз Республикасындағы ҚР Елшілігінің Консулдық бөліміне телефон шалып/келіп анықауды сұраймыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!!
- Әр құжат 3 данада тапсырылуы қажет (түпнұсқасы -1, көшірмесі -2)
- Құжатты шетелдік орган берген жағдайда, жергілікті құзыретті органның "Апостиль" мөртабанымен куәландыру, сондай-ақ құжаттың және «Апостиль» мөртабанының қазақша немесе орысшаға аудармасы болуы (құқықты аудармашы аударған).
- Төлқұжатты рәсімдеуге арналған құжаттарды пошта арқылы жібермеуді сұраймыз. ҚР ұлттық төлқұжатынының дайындығы туралы ақпаратты Консулдық бөлімнің қызметкері Сіздің өтініште көрсетілген телефон бойынша хабарлайды. Төлқұжат иесіне немесе сенім жүктелген тұлғаға нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша беріледі.
- Қажет болған жағдайда, Консулдық бөлімнің қызметкері Сізден тізімдегі ақпараттан тыс қосымша ақпарат сұратуы мүмкін.
- Төлқұжатты рәсімдеу мерзімі - 4-6 ай.
I . ФРАНЦУЗ РЕСПУБЛИКАСЫНДА, МОНАКО КНЯЗДІГІ АУМАҒЫНДА
ЕҢБЕК КЕЛІСІМ ШАРТЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН ТҰЛҒАЛАР ҮШІН
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ТӨЛҚҰЖАТЫН РӘСІМДЕУ ТӘРТІБІ
Осы санатқа жататын Қазақстан Республикасы азаматына Француз Республикасындағы (ФР) Қазақстан Республикасы (ҚР) Елшілігінің Консулдық бөліміне келесі құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмелерін (әр құжаттың көшірмесі- 2 данадан) тапсыру керек:
- Толтырылған жазбаша өтініш
- Сіздің қолтаңбаңыз қойып толтырылған сауалнама - 1 дана (қолтаңбаны арнайы жиектеменің ортасына қою қажет, фотоңызды жапсырмауды өтінеміз)
- Еңбек шартының түпнұсқасы мен көшірмесі, сондай-ақ оның қазақша немесе орысшаға аудармасы (құқықты аудармашы аударған).
назар аударыңыз:
- еңбек шарты мерзімі 1 жылдан кем болмауы тиіс;
- мерзімсіз еңбек шарты болған жағдайда, еңбек шартында көрсетілген компанияда қызмет істеп жүргенін растайтын құжатыңыз қажет.
- Өтініш берушінің туу туралы куәлігі (куәлікті шетелдік органы берген жағдайда, жергілікті құзыретті органның "Апостиль" мөртабанымен куәландыру, сондай-ақ оның қазақша немесе орысшаға аудармасы (құқықты аудармашы аударған);
- Қазақстан азаматының ұлттық төлқұжаты (түпнұсқасы, көшірмесі) ;
- ҚР ұлттық төлқұжаты жоғалған немесе ұрланған жағдайда ҚР ұлттық төлқұжатының жоғалғаны немесе ұрланғаны туралы полицядан алынған анықтаманы қоса тіркеу қажет;
- Қабылдаушы елдің құзыретті органы берген Тұруға ықтиярхаттың түпнұсқасы мен «Апостиль» мөртабанымен куәландырылған көшірмесі, сондай-ақ оның қазақша немесе орысшаға аудармасы (құқықты аудармашы аударған),;7. Неке қию туралы, сондай-ақ бірнеше неке қиылса, ажырасу туралы куәлік (куәлікті шетелдік органы берген жағдайда, жергілікті құзыретті органның "Апостиль" мөртабанымен куәландыру, сондай-ақ оның қазақша немесе орысшаға аудармасы (құқықты аудармашы аударған);
- Неке қию туралы, сондай-ақ бірнеше неке қиылса, ажырасу туралы куәлік (куәлікті шетелдік органы берген жағдайда, жергілікті құзыретті органның "Апостиль" мөртабанымен куәландыру, сондай-ақ оның қазақша немесе орысшаға аудармасы (құқықты аудармашы аударған);
- 16 жасқа дейінгі балалардың туу туралы куәлігі (куәлікті шетелдік орган берген жағдайда, жергілікті құзыретті органның "Апостиль" мөртабанымен куәландыру, сондай-ақ оның қазақша немесе орысшаға аудармасы (құқықты аудармашы аударған);
- Ашық фондағы қарсы алдынан түсірілген, бір негативтен алынған тығыз (жұқа емес) фотоқағаздағы төрт түрлі-түсті фотосурет (3,5х4,5 см.) (бұрыштары жоқ). Фото айқын, қосымша көлеңкелерсіз болуы тиіс;
- Төлқұжатты рәсімдеудегі консулдық алым – 35 евро, банктік карта арқылы төлем жасау (қолма-қол ақша қабылданбайды).
- ФРАНЦУЗ РЕСПУБЛИКАСЫ, МОНАКО КНЯЗДІГІ АУМАҒЫНДА
ОРНАЛАСҚАН ОҚУ МЕКЕМЕСІНЕН
КҮНДІЗГІ ОҚУ НЫСАНЫНДА БІЛІМ АЛАТЫН ТҰЛҒАЛАРДЫҢ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ТӨЛҚҰЖАТЫН РӘСІМДЕУ ТӘРТІБІ
Осы санатқа жататын Қазақстан Республикасы азаматына Француз Республикасындағы (ФР) Қазақстан Республикасы (ҚР) Елшілігінің Консулдық бөліміне келесі құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмелерін (әр құжаттың көшірмесі- 2 данадан) тапсыру керек:
- Толтырылған жазбаша өтініш
- Сіздің қолтаңбаңыз қойып толтырылған сауалнама - 1 дана (қолтаңбаны арнайы жиектеменің ортасына қою қажет, фотоңызды жапсырмауды өтінеміз)
3.Оқу мекемесінен білім алып жүргенін растайтын құжат (түпнұсқасы және көшірмесі), сондай-ақ оның қазақша немесе орысшаға аудармасы (құқықты аудармашы аударған).
- 4. Өтініш берушінің туу туралы куәлігі (куәлікті шетелдік органы берген жағдайда, жергілікті құзыретті органның "Апостиль" мөртабанымен куәландыру, сондай-ақ оның қазақша немесе орысшаға аудармасы (құқықты аудармашы аударған);
- Қазақстан азаматының ұлттық төлқұжаты (түпнұсқасы, көшірмесі) ;
- ҚР ұлттық төлқұжаты жоғалған немесе ұрланған жағдайда ҚР ұлттық төлқұжатының жоғалғаны немесе ұрланғаны туралы полицядан алынған анықтаманы қоса тіркеу қажет;
- Қабылдаушы елдің құзыретті органы берген Тұруға ықтиярхаттың түпнұсқасы және «Апостиль» мөртабанымен куәландырылған көшірмесі, сондай-ақ оның қазақша немесе орысшаға аудармасы (құқықты аудармашы аударған)
- Неке қию туралы, сондай-ақ бірнеше неке қиылса, ажырасу туралы куәлік (куәлікті шетелдік органы берген жағдайда, жергілікті құзыретті органның "Апостиль" мөртабанымен куәландыру, сондай-ақ оның қазақша немесе орысшаға аудармасы (құқықты аудармашы аударған);
- 16 жасқа дейінгі балалардың туу туралы куәлігі (куәлікті шетелдік орган берген жағдайда, жергілікті құзыретті органның "Апостиль" мөртабанымен куәландыру, сондай-ақ оның қазақша немесе орысшаға аудармасы (құқықты аудармашы аударған);
- Ашық фондағы қарсы алдынан түсірілген, бір негативтен алынған тығыз (жұқа емес) фотоқағаздағы төрт түрлі-түсті фотосурет (3,5х4,5 см.) (бұрыштары жоқ). Фото айқын, қосымша көлеңкелерсіз болуы тиіс;
- Төлқұжатты рәсімдеудегі Консулдық алым – 35 евро, банктік карта арқылы төлем жасау (қолма-қол ақша қабылданбайтына назар аударамыз).
III . ФРАНЦУЗ РЕСПУБЛИКАСЫНА, МОНАКО КНЯЗДІГІНЕ
ТҰРАҚТЫ ТҰРУҒА БАРҒАН ТҰЛҒАЛАР ҮШІН
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ТӨЛҚҰЖАТЫН РӘСІМДЕУ ТӘРТІБІ
Қазақстан Республикасы (ҚР) Елшілігінің Консулдық бөліміне келесі құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмелерін (әр құжаттың көшірмесі- 2 дана) тапсыру керек:
- Толтырылған жазбаша өтініш
- Сіздің қолтаңбаңыз қойып толтырылған сауалнама - 1 дана (қолтаңбаны арнайы жиектеменің ортасына қою қажет, фотоңызды жапсырмауды өтінеміз)
- Өтініш берушінің туу туралы куәлігі (куәлікті шетелдік органы берген жағдайда, жергілікті құзыретті органның "Апостиль" мөртабанымен куәландыру, сондай-ақ оның қазақша немесе орысшаға аудармасы (құқықты аудармашы аударған);
- Қазақстан азаматының ұлттық төлқұжаты (түпнұсқасы, көшірмесі)
- Француз Республикасына тұрақты тұру үшін шыққаны туралы белгісі бар
(19.03.2015 бастап - ҚР Көші-қон полициясы органдарының хабарламасы/ немесе Француз Республикасына тұрақты тұру үшін Қазақстаннан шығу мекен-жай парақшасы (түпнұсқасы, көшірмесі);
- ҚР ұлттық төлқұжаты жоғалған немесе ұрланған жағдайда ҚР ұлттық төлқұжатының жоғалғаны немесе ұрланғаны туралы полицядан алынған анықтаманы қоса тіркеу қажет;
5.
- Неке қию туралы, сондай-ақ бірнеше неке қиылса, ажырасу туралы куәлік (куәлікті шетелдік органы берген жағдайда, жергілікті құзыретті органның "Апостиль" мөртабанымен куәландыру, сондай-ақ оның қазақша немесе орысшаға аудармасы (құқықты аудармашы аударған);
- 16 жасқа дейінгі балалардың туу туралы куәлігі (куәлікті шетелдік орган берген жағдайда, жергілікті құзыретті органның "Апостиль" мөртабанымен куәландыру, сондай-ақ оның қазақша немесе орысшаға аудармасы (құқықты аудармашы аударған);
- Ашық фондағы қарсы алдынан түсірілген, бір негативтен алынған тығыз (жұқа емес) фотоқағаздағы төрт түрлі-түсті фотосурет (3,5х4,5 см.) (бұрыштары жоқ). Фото айқын, қосымша көлеңкелерсіз болуы тиіс;
- ФР азаматтығын қабылдамағаныңыз немесе бұл мәселе бойынша жүгінбегеніңіз туралы анықтама тапсыру қажет (ҚР Конституциясы бойынша Республика азаматтарына басқа мемлекеттің азаматтығы мойындалмайды);
- Төлқұжатты рәсімдеудегі Консулдық алым – 35 евро, банктік карта арқылы төлем жасау (қолма-қол ақша қабылданбайтына назар аударамыз).