Қазақстан Республикасынан құжаттарды талап ету тәртiбi
Францияда тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалар төменде аталған құжаттарын (қажет болса оларды «Апостиль» мөртабанымен куәландырып) Француз Республикасындағы ҚР Елшілігінің Консулдық бөлімі арқылы Қазақстаннан сұратып алдыра алады:
- туу туралы куәлік;
- қайтыс болу туралы куәлік;
- неке қиғаны туралы куәлік;
- неке бұзғаны туралы куәлік;
- некелік құқыққа қабілеттілік туралы анықтама;
- сотталмағаны туралы анықтама;
- мұрағаттық анықтамалар;
Талап ету жөнiндегi жеке тұлғалардың мынадай өтiнiштерi қанағаттандырылуға жатпайды:
- Азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайталама куәлiгi, егер олар арызданушыға емес, басқа тұләаларға ресiмделсе;
- Егер неке бұзылған болса, неке құру туралы куәлiгi (тиiстi анықтама берілуi мүмкiн);
- қайтыс болғандардың туу туралы куәлiгi.
Қайтыс болғаны туралы куәлiктердi марқұмның туыстары немесе заңды тұлғалар ресми мақсаттарда талап ете алады.
16 жасқа дейiнгi балаларға туу туралы куәлiктердi әке-шешелерi, асырап алушылары, қамқоршылары мен кәмелетке толмағандарды тәрбиелейтiн балалар мекемелерiнiң әкiмшiлiктерi талап ете алады.
Құжаттарды талап ету/ құжатқа"АПОСТИЛЬ" мөртаңбасын қоюды талап ету үшін
ҚР Елшілігінің Консулдық бөліміне келесі құжаттарды тапсырасыз:
Құжатты талап ету үшін консулдық алым – 25 евро, АПОСТИЛЬ мөртаңбасын қоюды талап ету үшін - 30 евро, төлем жасау банктік карта арқылы жүреді (қолма-қол ақша қабылданбайды).
Талап етілген құжаттардың рәсімделу мерзімі – 3,5 айдан астам.