Азаматтық хал актілерін тіркеу
- Баланың тууын мемлекеттік тіркеу
- Әке (ана) болуды анықтауды мемлекеттік тіркеу
- Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу
- Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу
- Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеу
- Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу
Шетелде баланың тууын мемлекеттік тіркеу
Көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі немесе оның заңды өкілі өкілдік етуге құзыреттілігін растайтын құжаттар ұсына отырып, көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
баланың тууын тіркеу үшін екі ай ішінде, ал өлі бала туылған жағдайда туған сәтінен бастап бес тәуліктен кешіктірмей:
- осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тууды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;
- ата-анасының жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмесі (тұпнұсқасын салыстырып тексеру үшін);
- ата-анасының неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлігінің көшірмесі (тұпнұсқасын салыстырып тексеру үшін);
- туу туралы медициналық куәлік немесе баланың туу фактісін анықтау туралы сот шешімінің көшірмесі;
- консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.
Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, баланың тууын тіркеу мерзімі бұзылған жағдайда мынадай құжаттар қосымша ұсынылады:
- ата-анасының еркін нысандағы жазбаша түсініктемесі;
- тиісті әкімшілік аумақтық бірлік органының туу туралы жазбаның болмауы туралы анықтама;
- баланың денсаулығы туралы анықтама.
Өз құзыреті шегінде және белгіленген нысан бойынша шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген шет мемлекеттің құзіретті мекемесі не соған уәкілетті тұлғамен куәландырылған немесе берілген құжаттар тек арнайы куәландыру рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады (заңдастыру немесе апостиль қою).
Шетелде қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу
Көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі немесе оның заңды өкілі өкілдік етуге құзыреттілігін растайтын құжаттар ұсына отырып, көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
- осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;
- медициналық ұйыммен берілген белгіленген нысандағы қайтыс болу туралы құжат;
- қайтыс болған тұлғаның Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, жеке куәлігі (болған жағдайда, қайтыс болған тұлғаның жеке куәлігі болмаған жағдайда өтініште себептері көрсетілуі тиіс);
- сот шешімі негізінде тіркеу жағдайында, қайтыс болу фактісін белгілеу туралы немесе адамды қайтыс болды деп жариялау туралы соттың заңды күшіне енген шешімі;
- қайтыс болған тұлғаның әскери билеті (болған жағдайда);
- қажет болған жағдайда жақын туыстығын растайтын құжат.
Өз құзыреті шегінде және белгіленген нысан бойынша шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген шет мемлекеттің құзіретті мекемесі не соған уәкілетті тұлғамен куәландырылған немесе берілген құжаттар тек арнайы куәландыру рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады (заңдастыру немесе апостиль қою).
Шетелде неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу
Көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі немесе оның заңды өкілі өкілдік етуге құзыреттілігін растайтын құжаттар ұсына отырып, көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
- осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша некеге отыру (ерлі-зайыпты болу) туралы өтініш;
- некеге (ерлі-зайыптылыққа) тұратын адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттар (түпнұсқасы және көшірмесі);
- некеге (ерлі-зайыптылыққа) тұратын адамдардың некеге құқық қабілеттілігі туралы уәкілетті органдар беретін анықтамалар;
- консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.
Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) тіркеу мерзімін қысқарту немесе ұзарту қажет болған кезде, мерзімді ұзартудың немесе қысқартудың негізін растайтын қосымша құжаттар: жүктілік туралы дәрігерлік-біліктілік комиссиясының анықтамасы, денсаулық жағдайы туралы анықтама, басқа да ерекше мән-жайларды растайтын құжаттар қосымша ұсынылады.
Егер неке жасына толмаған адамдар некеге тұрса (ерлі-зайыпты болса), некеге тұратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың заңды өкілдерінің келісімдері қосымша ұсынылады.
Өз құзыреті шегінде және белгіленген нысан бойынша шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген шет мемлекеттің құзіретті мекемесі не соған уәкілетті тұлғамен куәландырылған немесе берілген құжаттар тек арнайы куәландыру рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады (заңдастыру немесе апостиль қою).
Шетелде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу
Көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі немесе оның заңды өкілі өкілдік етуге құзыреттілігін растайтын құжаттар ұсына отырып, көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) кәмелеттік жасқа толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың ортақ келісімі бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін:
- осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;
- некені (ерлі-зайыптылықты) бұзушылардың жеке басын куәландыратын құжаттар (түпнұсқасы және көшірмесі);
- неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік (түпнұсқасы және көшірмесі);
- консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.
2) сот шешімінің негізінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін:
- осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;
- некені (ерлі-зайыптылықты) бұзушылардың жеке басын куәландыратын құжаттар (түпнұсқасы және көшірмесі);
- некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу жөніндегі куәландырылған сот шешімінің көшірмесі;
- консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.
3) белгіленген тәртіппен сот шешімінің негізінде хабар-ошарсыз кеткен, жүйке ауруынан немесе ақыл-есiнiң кемістiгiнен әрекетке қабілетсіз деп танылған не қылмыс жасағаны үшiн үш жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталған адаммен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін:
- осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұбайын хабар-ошарсыз кеткен, әрекетке қабілетсіз немесе әрекеті шектеулі деп танылған заңдық күшіне енген сот шешімінің, сондай-ақ қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзіміне бас бостандығынан айыру туралы жұбайының сотталғаны туралы сот үкімінің негізінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу туралы өтініш;
- көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (тұпнұсқасы және көшірмесі);
- заңды күшіне енген сот шешімі немесе сот үкімінің көшірмесі;
- неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік (түпнұсқасы және көшірмесі);
- консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.
Өз құзыреті шегінде және белгіленген нысан бойынша шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген шет мемлекеттің құзіретті мекемесі не соған уәкілетті тұлғамен куәландырылған немесе берілген құжаттар тек арнайы куәландыру рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады (заңдастыру немесе апостиль қою).
Шетелде әке (ана) болуды анықтауды мемлекеттік тіркеу
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
ата-ананың бірлескен өтініші бойынша әке (ана) болуды анықтауды тіркеу үшін:
- осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әке (ана) болуды анықтауды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;
- баланың туу туралы куәлігі (түпнұсқасы және көшірмесі), мұндай өтініш бала туылғанға дейін берілген кезде – медициналық ұйым немесе жекеше практикамен айналысатын дәрігер берген анасының жүктілігін растайтын медициналық анықтама. Егер әке (ана) болуды анықтауды мемлекеттік тіркеу тууды мемлекеттік тіркеумен бір мезгілде жүргізілетін болса, баланың туу туралы куәлігі талап етілмейді;
- ата-анасының жеке басын куәландыратын құжаттар (түпнұсқасы және көшірмесі);
- консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.
Сот шешімі негізінде әке (ана) болуды анықтауды тіркеу үшін:
- еркін нысанда жасалған өтініш;
- көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;
- әке (ана) болуды анықтау туралы сот шешімінің көшірмесі;
- баланың туу туралы куәлігі (түпнұсқасы және көшірмесі);
- консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.
Өз құзыреті шегінде және белгіленген нысан бойынша шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген шет мемлекеттің құзіретті мекемесі не соған уәкілетті тұлғамен куәландырылған немесе берілген құжаттар тек арнайы куәландыру рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады (заңдастыру немесе апостиль қою).
Шетелде атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеу
Көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі немесе оның заңды өкілі өкілдік етуге құзыреттілігін растайтын құжаттар ұсына отырып, көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1 . нысан бойынша атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;
- көрсетілетін қызметті алушының туу туралы куәлігі (түпнұсқасы және көшірмесі);
- егер мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы некеде тұрса (ерлі-зайыпты болса), неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік (түпнұсқасы және көшірмесі);
- егер көрсетілетін қызметті алушының кәмелеттік жасқа толмаған балалары болса, кәмелеттік жасқа толмаған балалардың туу туралы куәліктері (түпнұсқасы және көшірмесі);
- бала асырап алу туралы куәлігі немесе әкелікті анықтау туралы куәлігі (түпнұсқасы және көшірмесі), егер осындай құжаттар азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдерінде тіркелген болса;
- егер көрсетілетін қызметті алушы некенің (ерлі-зайыптылығы) бұзылуына байланысты өзіне некеге дейінгі тегін беру туралы өтініш жасаса, неке бұзу (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік (түпнұсқасы және көшірмесі);
- мөлшері 3х4 см. екі фотосурет;
8.көрсетілетін қызметті алушының атын, әкесінің атын және тегін өзгерту себептерін түсіндіре отырып, өз қолымен жазылған толық өмірбаяны;
- жеке куәлігінің немесе Қазақстан Республикасы азаматы паспортының көшірмесі (әскери қызметшілерге – жеке басын куәландыратын құжат, ал он алты жасқа толған және паспорт алмаған адамдарға – туу туралы куәлік);
- консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы;
- қажет болған жағдайда көрсетілетін қызметті берушімен көрсетілетін қызметті алушы атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруын өтінуіне байланысты себептерді растайтын қосымша құжаттар талап етіледі.