
Қазақстан мен Франция арасындағы мәдениет және білім беру саласындағы ынтымақтастық өзара қызығушылық негізінде қарқынды дамып келеді.
Білім беру байланыстарын нығайтудың негізі 2013 жылғы 1 наурызда Францияның Сыртқы істер министрі Л. Фабиустың Астанаға сапары барысында жоғары білім мен ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісім арқылы қаланды (2016 жылғы 4 сәуірде күшіне енді). Сол жылы, 17 қыркүйекте, Алматы қаласында Абай атындағы ҚазҰПУ базасында француз академиялық стандарттарына сай білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын «Сорбонна-Қазақстан» университетін құру туралы келісімге қол қойылды.
2013 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанынан геоэнергетика, табиғи ресурстарды тұрақты пайдалану және энергетикадағы инновациялық технологиялар саласындағы зерттеулер мен білім беру бастамаларын дамытуға бағытталған Қазақстан-Франция ғылыми-білім беру орталығы – «Геоэнергетика» ашылды.
2015 жылғы 5 қарашада Қазақстан мен Францияның білім министрлері ғылыми және білім беру саласындағы ынтымақтастықты, оның ішінде кәсіби даярлықты дамытуға бағытталған Бірлескен декларацияға қол қойды. 2017 жылғы 16 наурызда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Сорбонна Париж-Сите 7 Дидро университеті арасында екіжақты ынтымақтастық туралы келісім жасалды. Құжат қос диплом беретін бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу мен жүзеге асыруды, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуді, студенттер мен оқытушылар алмасуын және ғылыми тағылымдамаларды көздейді.
Қос елдің студенттеріне арналған «Болашақ» және «Абай-Верн» стипендиялық бағдарламалары жұмыс істейді. 2024 жылы Қазақстанның 16 жоғары оқу орнынан 112 студент Францияда білім алды, ал 51 француз студенті академиялық ұтқырлық аясында Қазақстанда оқыды.
Астана, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды және Шымкент қалаларында француз тілі мен мәдениетін ілгерілететін «Альянс Франсэз» өкілдіктері табысты жұмыс істеуде. 2023 жылғы қыркүйектен бастап Францияның Шығыс тілдері мен өркениеттері ұлттық институтында (INALCO) қазақ тілі оқытыла бастады. 2025 жылғы 7 ақпанда Қазақстан Республикасының Франциядағы Елшілігі INALCO мен Тілдер мен өркениеттердің ұлттық кітапханасына (BULAC) қазақ тіліне арналған оқу материалдарын, сондай-ақ Қазақстанның тарихы мен мәдениеті туралы әдебиеттерді табыстады. Сонымен қатар, BULAC кітапханасының қорын қазақ тіліндегі басылымдармен толықтыру туралы келісімге қол жеткізілді.
2024 жылғы мамырда Лотарингия университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ арасында құқық, педагогика және мемлекеттік басқару бағыттары бойынша филиал ашу туралы келісімге қол қойылды. «Сорбонна-Қазақстан» институтын реформалау жұмыстары жалғасуда, оның аясында француз тілі оқытушыларының біліктілігін арттыру орталығы ашылады. Сондай-ақ мамыр айында Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы Лотарингия университетінің филиалында «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша қос дипломды бағдарлама іске қосылды. 2024 жылғы қабылдау науқаны барысында бағдарламаға 350-ден астам студент қабылданды.
2024 жылғы 28 маусымда Астанада Satbayev University базасында 2026 жылы Grenoble INP – Phelma инженерлік мектебінің филиалын ашу жөніндегі келісімге қол қойылды. Келісім аясында «Ядролық инженерия», «Жаңартылатын энергия көздері жөніндегі инженерия» және «Перспективті зерттеулер» бағыттары бойынша 3+1 форматындағы білім беру бағдарламалары іске қосылады.
2022–2023 жылдары Қазақстан-Франция жоғары оқу орындарының форумдары қайта жанданды. Орта білім беру саласында 2023 жылы халықаралық француз мектептерін ашу және мектептерде француз тілін оқыту туралы келісім іске асырылуда. 2025 жылғы 28 мамырда Астанада Қазақстан мен Франция министрлерінің қатысуымен қазақ-француз мектебінің капсуласын салу салтанаты өтті.
Денсаулық сақтау саласындағы тығыз ынтымақтастық жалғасып келеді. 2014 жылғы 13 ақпанда Астана қаласының әкімдігі мен Франциядағы Гюстав Русси атындағы онкология институты стратегиялық серіктестік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат аясында қазақстандық медицина қызметкерлеріне аталған институттың Париждегі ауруханасында тәжірибеден өту мүмкіндігі ұсынылды.
Екі елдің білім беру және медицина ұйымдары арасында тұрақты түрде өзара сапарлар мен түрлі бірлескен іс-шаралар ұйымдастырылып тұрады. Жоғары деңгейдегі сапарлар аясында онкология, телемедицина, тәжірибе алмасу, медициналық мамандарды оқыту және медициналық мекемелер арасындағы серіктестікті дамыту жөніндегі уағдаластықтар жасалды. 2025 жылғы 4 қарашада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік сапары аясында Францияның бастапқы медициналық-санитарлық көмек жөніндегі Жаһандық коалицияға қосылуы туралы Декларацияға қол қойылды.
Тараптар онкологиялық және оңалту қызметтерін жетілдіру, медициналық сақтандыру жүйесін дамыту, медициналық қызметтердің цифрлық форматтарын кеңейту, медициналық және фармацевтикалық кадрлардың біліктілігін арттыру, сондай-ақ бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бағытында жұмысты жалғастыруға ниетті.
Археология және мұрағат ісі бағыттарындағы ынтымақтастық жанданды. Археология саласында Қазақстан тарапы академиялық және ғылыми бағдарламаларды жүзеге асыруға, сондай-ақ халықаралық археологиялық экспедицияларға қатысуға қызығушылық танытуда. 2024 жылғы 4 қарашада А.Х. Марғұлан атындағы Археология институты мен Францияның Ұлттық алдын алу археологиялық зерттеулер институты (INRAP) өзара түсіністік туралы хаттамаға қол қойды. Сондай-ақ Францияның Ғылыми зерттеулердің ұлттық орталығымен (CNRS) ынтымақтастық орнату жоспарлануда. 2024 жылғы мамырда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Францияның Экология және қоршаған орта институты Орталық Азияны зерттеуге арналған археозоологиялық халықаралық орталық құрды (орталық Новосібірден ауыстырылды).
Мұрағат ісі саласында ҚР Президентінің Мұрағаты мен Францияның Ұлттық мұрағаты архивтік жұмыс бағыттары бойынша тәжірибе алмасу, құжаттарды зерттеу және цифрландыру, анықталған және цифрлық форматқа көшірілген материалдарды ғылыми-зерттеу мақсатында пайдалану, сондай-ақ өзара қызығушылық тудыратын бірлескен ғылыми жобалар мен көрмелер ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізді.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Франция аумағында қаза тапқан қазақстандық сарбаздар жөнінде ақпарат жинақтау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар діни наным-сенімге сәйкес олардың құлпытастарындағы белгілерді ауыстыру (христиандық кресттен мұсылмандық жарты айға) көзделуде.
Қазақстан мен Франция арасындағы мәдениет және білім саласындағы ынтымақтастық өзара мүдделілік негізінде дәйекті түрде дамып келеді.
Білім беру саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін Жоғары білім беру және ғылыми-зерттеу салаларындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісім берік негізін қаланды, оған Францияның Сыртқы істер министрі Л.Фабиустың Астанаға сапары барысында 2013 жылдың 1 наурызында қол қойылған (2016 ж. 4 сәуірде күшіне енді). Сол жылы 17 қыркүйекте Алматыға сапары барысында Франкотілдес істер министрі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің базасында «Сорбонна-Қазақстан» университетін құру туралы келісімге қол қойды.
2015 ж. 5 қарашада Н.Назарбаевтың Францияға жасаған сапары барысында ғылыми ынтымақтастықты және жоғары білім саладағы, оның ішінде кәсіптік білім беру саласында ынтымақтастықты дамыту қарастырылған Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі мен Франция Республикасы Жоғары білім және ғылым, ұлттық білім министрлігінің Жоғары білім және ғылым министрінің бірлескен декларациясына қол қойылды.
2017 ж. 16 наурызда Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті мен Сорбонна Париж-Сите 7 Дидро Университеті арасындағы екі жақты ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды, онда екі жақты диплом беру, бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстары, студенттер мен оқытушылармен алмасу, өзара ғылыми тағылымдамалар қарастырылған.
2022 ж. жай-күй бойынша Францияда 700-ге жуық қазақстандық білім алады, оның ішінде «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша.
«Альянс Франсэз» мәдени-білім агенттігінің өкілдері Астана, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды және Шымкент қалаларында сәтті жұмыс істейді.
2017 ж. 16 қазанда «Рухани шаңырау» бағдарламасының халықаралық тұсаукесері аясында ҚР Ұлттық кітапханасының 200 қазақстандық кітап «BULAC» Шығыс тілдері және өркениеттер кітапханасының қорына аударылды. Кездесу қорытындысы бойынша екі кітапхана арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Денсаулық сақтау саласындағы тығыз ынтымақтастық жалғасуда. 2014 ж. 13 ақпанда Астана қаласының әкімдігі мен Гюстав Русси атындағы француз онкология институты арасында Стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды, оның негізінде қазақстандық медицина қызметкерлеріне институттың Париждегі ауруханасында практикалық сабақтардан өту мүмкіндігі берілді.
Тұрақты негізде Францияда тұратын этникалық қазақтар қауымдастығымен қарым-қатынас сақталады. Бірлескен мәдени-спорттық іс-шаралар өткізіледі. 2013 ж. 18-19 мамыр және 2022 жылғы 4-5 маусымда Парижде еуропалық қазақтардың кішігірім құрылтайы өтті.
Екі ел арасындағы мәдени байланыстар айтарлықтай кеңейді.
2013–2014 жылдары Қазақстан мен Францияда екіжақты қарым-қатынастар тарихында алғаш рет мәдениет маусымдарының өзара алмасуы өткізілді. Бұл шаралар барысында екі елдің халқы бір-бірінің бай мәдени мұрасы және заманауи өнерінің жоғары деңгейімен танысты.
2015 жылғы 4–6 қараша аралығында Қазақстан Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың Парижге ресми сапары қарсаңында Францияның Құрмет легионы ұлттық мұражайына Қазақстан Республикасының мемлекеттік ордендері мен медальдарының үлгілері табысталды.
2016 жылғы 23–25 маусымда генерал Шарль де Голльдің Байқоңыр ғарыш айлағына сапарының 50 жылдығына орай Францияның «де Голль қорының» президенті Жак Годфрен бастаған делегациясы Астанаға келіп, сапар аясында бірқатар мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды.
2016 жылғы 9 мамыр мен 9 маусым аралығында Лувр музейінің «Карусель» сауда және көрме галереясында «Қазақстанның ғажайып сұлулығы» атты бірегей фотокөрме сәтті өтті.
2016 жылы Алматы мен Ренн қалалары арасындағы бауырластық қатынастардың 25 жылдығына орай Ренн қаласындағы Алматы бағында Абай бюстінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
2017 жылғы мамырда 70-ші Канн кинофестивалі аясында Қазақстанның ұлттық павильоны алғаш рет ашылып, бұл оқиға отандық киноиндустрия тарихындағы маңызды жетістік болды.
2018 жылғы наурызда Парижде Лувр алаңында Наурыз мейрамы аталып өтті.
2018 жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасының Елшілігінің бастамасымен «Франциядағы қазақстандық күзi» атты әлеуметтік-мәдени жоба іске қосылды. Жоба аясында үш ай бойы Францияның түрлі қалаларында көптеген іс-шаралар – дәстүрлі музыка концерттері, қазақстандық сән көрсетілімдері, кино және бейнелеу өнері көрмелері өткізілді.
2021 жылы Қазақстанның Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Елшілік Франция поштасының естелік маркаларын шығарды.
2021 жылғы 6 желтоқсанда Париждегі Ақындар алаңында Абай бюстінің салтанатты ашылуы және Нұр-Сұлтан мен Париж қалалары арасындағы ынтымақтастық туралы пактіге қол қою рәсімі өтті.
2023 жылғы 25 қыркүйекте француз Ғылым академиясында белгілі қазақстандық тарихшы М.А. Сыдықназаровтың «Қазақстанның үзіліссіз мемлекеттілігі тарих толқынында. XVI-XIX ғасырлардағы еуропалық және америкалық карталардағы Қазақ мемлекеті» атты атлас-кітабының тұсаукесері өтті.
2024 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны алғаш рет Париждегі Триумфалдық аркасында шырқалды. Елшілік Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Францияны азат ету жолында қаза тапқан қазақстандықтарды еске алу мақсатында мәңгілік алауға гүл шоғын қою рәсімін ұйымдастырды.
2024–2025 жылдары Наурыз мерекесі аясында француз астанасының орталығындағы Терн алаңында «Village kazakh» іс-шарасы өтті.
2024 жылғы қарашадан 2025 жылғы наурызға дейін Гиме - Азия өнері музейінде «Қазақстан: Ұлы даланың жауһарлары» атты ұлттық көрме ұйымдастырылды. Инаугурация Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев пен Франция Президенті Э.Макронның қатысуымен 2024 жылғы қарашада өтті.
Париждегі Қазақстан Республикасының Елшілігі жанында «Абай» мәдени орталығы жұмыс істейді (қазақ тілі курстары, ұлттық музыкалық аспаптарда ойнау сабақтары өткізіледі).