Қазақстан мен Канада тұрмыстық зорлық-зомбылық пен сталкингке қарсы күресте ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Канада тұрмыстық зорлық-зомбылық пен сталкингке қарсы күресте ынтымақтастықты нығайтуда

Оттава, 2024 жылғы 22 қыркүйек – Канада Әділет департаментінің шақыруымен отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық пен сталкингке қарсы күрестегі халықаралық тәжірибені зерделеу мақсатында қазақстандық делегацияның жұмыс сапары өтті.

Делегация құрамына ҚР Парламенті Мәжілісінің, Жоғарғы Соттың, Бас прокуратураның, Ішкі істер министрлігінің, Әділет министрлігінің, Мәдениет және ақпарат министрлігінің, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кірді.

Бір апталық сапар барысында делегация Канаданың Әділет департаментімен, Жоғарғы сотымен және құқық қорғау органдарымен бірқатар келіссөздер жүргізіп, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарымен жұмыс істейтін мамандандырылған оңалту мекемелеріне барды.

Кездесулер аясында адам құқықтары, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық және сталкинг саласындағы қазақ-канадалық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері талқыланды.

Канадалық тарап Қазақстанның осы саладағы күш-жігерін жоғары бағалап, екі елдің әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі құқықтық құралдарды жетілдіру бойынша одан әрі ынтымақтастыққа бейілділігін растады.