
ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР!
2024 жылғы 6 қазанда (жергілікті уақыт бойынша 07:00-ден 20:00 дейін) Қазақстан Республикасының Канададағы Елшілігі жанындағы №411 сайлау учаскесінде АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтеді.
Егер Сіз дауыс беру күні 18 жасқа толған және белсенді сайлау құқығына ие және Қазақстан Республикасының азаматы болсаңыз, Сіздің республикалық референдумда дауыс беруге құқықтық негіз бар.
Дауыс беруге қатысуға конституциялық құқықты іске асырудың кепілі ретінде Сізді референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізіміне енгізу болып табылады.
Қазақстан Республикасының Канададағы Елшілігі жанындағы №411 сайлау учаскесіндегі дауыс беретін азаматтардың тізіміне болу елінде уақытша немесе тұрақты тұратын және қолданыстағы Қазақстан Республикасы азаматының паспорты бар барлық азаматтар енгізіледі.
ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!
Сіздерді дауыс беретін азаматтардың тізіміне енгізу үшін Канададағы әрбір Қазақстан Республикасының азаматы өзіне қатысты деректерді (аты-жөні, ЖСН, туған жылы, тұратын мекенжайы, байланыс деректері, электрондық пошта мекенжайы) дауыс беру мекенжайға байланысты Оттава қаласындағы Қазақстан Елшілігінің consul.ottawa@
Қосымша сұрақтарыңыз болған жағдайда келесі телефон нөмірлеріне хабарласуды сұраймыз:
Оттава қ. Қазақстан Елшілігі: (+1) 613-695-86-23
Торонто қ. Консулдық: (+1) 416 221 0111