"Дәстүрлі қоржын" жобасы туралы

"Дәстүрлі қоржын" жобасы туралы

«Отандастар қоры» КеАҚ (бұдан әрі Қоғам) - Шетелдегі қазақ - мәдени орталықтарын ұлттық киіммен, ұлттық музыкалық аспаптармен және қолданбалы өнермен қамтамасыз ететін «Дәстүрлі қоржын» жобасына өтінімдер қабылдау басталғандығын хабарлайды.

Қоржында қазақы құндылықтарымызды дәріптеп, ұлтқа қызмет етіп жүрген шеттегі қазақ-мәдени ұйымдарға арналған ұлттық аспаптар, сапасына сәні жарасқан ұлттық нақыштағы киімдер, кітап және басқа да бұйымдар бар.

Өтінім білдірушіге қойылатын басты талаптар:

  • Шетелдегі қазақ мәдени орталықтары және қазақ диаспорасымен байланысты ұйымдар (ресми тіркелген ұйымдар) өтінім білдіре алады;
  • «Отандастар» Қоғамының otandastarqory01@gmail.com эл.поштасына арнайы өтініш хат жазу; (өтінімде қазақ мәдени орталығына қажетті базалық материалдық құндылықтарды көрсету. Мысалы: мемлекеттік ту, домбыра, үкілі тақия т.б).

Дедлайн 22 наурызға дейін

Ақпарат ретінде: Қоғам 2023 жылы «Қоржын» жобасын іске асыру барысында 10 елдегі 26 қазақ - мәдени орталыққа 100 дана – ҚР Мемлекеттік туы, 390 дана – ұлттық киімдер және 84 дана – ұлттық саз аспабын табыстады.

https://oq.gov.kz/