Қазақстан мен канадалық провинция Саскачеван арасындағы ынтымақтастықтың даму бағыты айқындалды

Қазақстан мен канадалық провинция Саскачеван арасындағы ынтымақтастықтың даму бағыты айқындалды

Реджайна қ. (Канада), 2023 ж. 4-5 қазан – ҚР Канададағы Елшілігінің Елшісі Д. Құсайыновтың Саскачеван провинциясының астанасы – Реджайна қаласына ресми сапары өтті. Ресми сапары шеңберінде қазақстандық дипломат Саскавен провинциясының Премьері С.Мо, сонымен қатар аудандық үкімет мүшелерімен бірқатар кездесулер өткізді. Энергетика және табиғи ресурстар министрі Джон Рейтермен келіссөздер барысында жаңартылған және ядролық энергетиканы дамыту, сондай-ақ канадалық бизнестің Қазақстан ТМК жобаларына қатысу ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Ұлттық парктер, мәдениет және спорт министрі Лора Росс Қазақстанның саябақ инфрақұрылымын дамытуда тәжірибе алмасу үшін қазақстандық мамандарды Грасслендс және Принц Альберт ұлттық саябақтарға шақырды.

Д.Құсайынов ауыл шаруашылығы министрлігіндегі кездесуде екі елдің аграрлық мекемелерінің өзара сапарларын ұйымдастыруды ұсынды, сонымен қатар Саскачеван провинциясында мал шаруашылығы мен ветеринария саласындағы бейіндік тағылымдамалар өткізуге біздің фермерлердің қызығушылығын білдірді. Сауда және экспорт министрі Дж.Банкс келіссөздер барысында канадалық тарапқа Қазақстаннан экспорттық тауарлардың перспективалық тізбесін қарау ұсынған.

Саскаченван провинциясындағы ірі өнеркәсіптік және тау-кен өнімдерін жеткізушілер Қауымдастығының шақыруымен Қазақстан Елшісі Энергетикалық форумға қатысты. Д.Құсайынов іс-шарада Президент Қ.Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі халыққа арналған жолдауында баяндалған Қазақстанның мұнай-газ және тау-кен салаларындағы бастамалары туралы хабардар етті. Форум аясында уран және тау-кен өнеркәсібіндегі перспективалы жобаларды іске асыру бойынша бірқатар іскерлік кездесулер өткізілді.