
Оттава, 2023 ж. 15 маусым - Канадалық сарапшылар
жергілікті мекеме мен іскер қоғамдастық үшін олардың ү.ж. 8-9 маусымда Қазақстан астанасында өткен Астана халықаралық форумының жұмысында қатысу қорытындылары бойынша онлайн брифинг өткізді.
Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты, сондай-ақ, Канаданың аналитикалық орталықтары мен дипломатиялық корпус және халықаралық ұйымдар. Қазақстандық қоғамның өзгермелі құрылымы мен динамикасы, энергетикалық және азық-түлік қауіпсіздігі, жасыл энергетикаға көшу, жасанды интеллект пен көпжақты перспективаларды енгізу мәселелерін шешу тәсілдері талқыланды. Сонымен қатар, брифинг барысында Канаданың Орталық Азия өңірі елдерімен, бірінші кезекте Қазақстанмен, жан-жақты ынтымақтастығын одан әрі дамыту тақырыптары қозғалды.
Атап айтқанда, МакГилл университетінің профессоры Барт Эдес және "Макдональд-Лорье" талдау орталығының ғылыми қызметкері Джонатан Миллер Астанада өткізілген кездесулердің кейбір қорытындыларымен, сондай-ақ форумға қатысу туралы әсерлерімен бөлісті. Олар салыстырмалы түрде қысқа уақыт ішінде Қазақстанда
еркін бизнесті жүргізудің жаңа экономикалық ортасы қалыптасқанын,
халықтың өмір сүру деңгейінің жоғарылауына қарай үлкен өзгерістер өскенін,
азаматтық қоғам институттарының қоғамдық-саяси белсенділігі өсуде екенін атап өтті.
Брифингке қатысушылар Қазақстанның шығыс аудандарында болған апатқа –
жаппай орман өрттеріне байланысты шынайы жанашырлық пен қолдау сөздерін білдірді.