Визасыз режимді уақытша тоқтату туралы

Визасыз режимді уақытша тоқтату туралы

Қазақстан аумағында COVID-19 вирусының таралуына жол бермеу мақсатында 2020 жылғы 17 сәуірдегі № 220 ҚР Үкіметінің Қаулысымен 57 мемлекеттің, оның ішінде Канаданың азаматтары үшін енгізілген біржақты визасыз режим уақытша тоқтатылды.

Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды және Тараз қалаларының халықаралық әуежайлары арқылы транзитпен өтетін ҚХР мен Үндістан азаматтары үшін 72 сағаттық визасыз режим тоқтатылды.

Жоғарыда аталған өзгерістер 2020 жылдың 17 сәуірінен бастап 1 қарашаға дейінгі мерзімге қолданысқа енгізілді.

Канаданың аумағында тұратын және жоғарыда көрсетліген уақыт мерзімі аралығында Қазақстанға баруға ниет білдірген шетелдік азаматтар ҚР-дың Канададағы консулдық мекемелерінің біріне тиісті санаттағы визаны алу үшін өтініш білдіруі тиіс.

Әлемдегі қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты қазақстандық визалар өтініш білдіруге дейінгі 48 сағат ішінде берілген виза алушының коронавирустық инфекциямен ауырмайтынын растайтын медициналық анықтаманың негізінде берілетініне назар аударуды сұраймыз.

Қазақстан Республикасының визалары қолданыстағы ҚР визаларын ресімдеу тәртібіне сәйкес рәсімделеді (толық ақпаратты алу үшін ҚР Канададағы Елшілігіне немесе ҚР Торонтодағы Консулдығына хабарласуды немесе тиісті ақпаратты ресми сайттан қарауды сұраймыз).