
Оттава, 28 наурыз 2023 ж. - канадалық тараптың бастамасымен Қазақстан Республикасының Канададағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ақылбек Камалдиновтың СІМ Парламенттік хатшысы - Канада Қауымдар палатасының мүшесі Роберт Олифантпен кездесуі өтті.
Тараптар екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылап, саяси диалогты одан әрі дамыту қажеттігін назар аударып, сондай-ақ екі ел арасындағы инвестициялық және сауда-экономикалық қатынастарды дамытудағы оң динамиканы атап өтті.
А.Камалдинов қанадалық тарапты Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев бастаған ауқымды саяси реформалар туралы, атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі сайлауының қорытындыларымен хабардар етті. Елші сайлау саяси партиялар үшін бәсекелестік ортада жаңа ережелер бойынша өткенін және «Әділетті Қазақстанды» құру аясында «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік институттарын қайта құрудың соңғы кезеңі болғанын атап өтті.
Р.Олифант өзара қарым-қатынастардың белсенді және қарқынды дамып келе жатқан хабарлады. Сонымен қатар, Парламенттік хатшы канадалық тарап Қазақстандағы саяси және экономикалық қайта құруларды жіті қадағалап отырғанын және Қазақстан Президенті жүргізіп жатқан демократиялық реформаларды жоғары бағалайтынын атап өтті.
Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың барлық сұрақтары бойынша диалогты жалғастыру туралы келісімге келді.