
Оттава, 27 наурыз 2023 ж. - Парламенттік сайлаудың қорытындылары және еліміздегі ауқымды саяси және демократиялық реформалардың іске асырылу барысы Қазақстан-Канада онлайн брифингі аясында талқыланды.
Іс-шараға екі елдің саяси, экономикалық және сараптамалық топтарының өкілдері, соның ішінде ҚР Әлемдік экономика және саясат институты (ӘЭСИ), Канаданың жаһандық саясат институты (GCAI) және Карлтон университетінің Халықаралық қатынастар мектебі (NPSIA) қатысты.
ҚР ӘЭСИ «Еуразиялық зерттеулер» бағдарламасының жетекшісі Жұмабек Сарабеков аталған сайлауда екі жаңа партия – «Республика» партиясы және «Байтақ» жасылдар партиясы тіркелгенін атап өтті. Сайлау қорытындысы бойынша жеті партияның алтауы Парламентке өту үшін қажетті 5% кедергіні еңсеріп, Парламент жұмысына жаңа партиялардың қатысуы Үкіметтің плюрализмі мен есептілігін арттыру арқылы көппартиялық жүйені одан әрі нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.
Қазақстандағы парламенттік сайлауға халықаралық бақылаушы ретінде қатысқан канадалық «U-Multicultural» жаңалықтар агенттігінің атқарушы директоры Тайя Ртищева сайлаудың ұлттық заңнамаға және халықаралық стандарттарға сәйкес өткізілгенін атап өтті. Ол сайлауды бақылауға 800-ден астам халықаралық бақылаушылар, 200-ге жуық шетелдік журналистер, сондай-ақ жүздеген жергілікті бақылаушылар мен БАҚ өкілдері қатысқанын атап өтті.
Канадалық сарапшылар 19 наурызда Қазақстанда өткен парламенттік сайлаудың қорытындыларына жоғары баға беріп, олардың жаңа әділ ережелер бойынша және саяси партиялар үшін неғұрлым бәсекелі ортада өткенін атап өтті. Олар өткен парламенттік сайлау қазіргі уақытта біздің елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси реформалардың маңызды құрамдас бөлігіне айналғанын және Қазақстанның одан әрі жаңғыруына ықпал ететінін атап өтті.