Канада Парламентінде көктем мерекесі – Наурыз өткізілді

Канада Парламентінде көктем мерекесі – Наурыз өткізілді

Оттава, 2023 ж. 21 наурыз – Қазақстан-Канада парламентаралық тобының бастамасымен Канада Парламентінде Наурыз мерекесі өтті. Іс-шараны Қазақстан, Әзірбайжан, Ауғанстан, Иран, Үндістан, Түркия және т.б. елдердің ұлттық диаспоралары бірлесіп ұйымдастырды. Қатысушылардың жалпы саны 600-ден асты.

Парламентаралық топтың мүшесі – Канада Парламентінің депутаты Чандра Арья Наурыз 5000 мың жылдан астам ежелгі тарихы бар мереке екенін атап өтті. Оның айтуынша, жыл сайын Канадада бұл мереке кеңірек тойланып, Наурызға қызығушылық өсуде.

Канаданың дипломатиялық корпусы атынан сөйлеген сөзінде Елші Ақылбек Камалдинов Наурыз көктемнің дәстүрлі мерекесі ретінде шығыс күнтізбесі бойынша табиғаттың жаңғыруы, жаңару және Жаңа жылдың басталуы идеясын бейнелейтінін атап өтті. Сондай-ақ ол Наурыз мейрамы жақсылықтың, берекенің, бақыт пен достықтың символы, дүние жүзіндегі көптеген халықтарға ортақ мереке екенін атап өтті.