
ОТТАВА, 2023 ж. 7 наурыз PDAC-2023 конференциясында жұмысты жалғастыру аясында ҚР-дың Канададағы Елшісі А.Камалдинов бастаған қазақстандық делегация ТМК саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған аралас іс-шараларға қатысты.
Атап айтқанда, канадалық тараптың шақыруы бойынша ҚР өкілдері жасыл сутекті одан әрі өндіру үшін электролиз жүйесін әзірлеу бойынша «Hydrogen Optimized» жоғары технологиялық кәсіпорнына барды. Сапар барысында қазақстандық қатысушылар кәсіпорынның технологиялық ерекшеліктерімен және компания жоспарларымен танысты. Канадалық «Hydrogen Optimize» компаниясы Маңғыстау облысының аумағында жасыл сутекті өндіру жобасын іске асыратын қазақстандық кәсіпорынмен ынтымақтастықты ілгерітуге қызығушылық білдірді.
Елші А.Камалдинов PDAC-2023 көрмесінің президенті А.Кристофермен екі жақты кездесу өткізді. Тараптар қазақстандық делегацияның табысты қатысу қорытындыларын, сондай-ақ 2024 жылға арналған перспективаларды талқылады. Осындай көлемдегі көрмені өткізу тәжірибесі Қазақстанға үлкен қызығушылық тудырады деп атап өтілді.
Қазақстандық делегация Өзбекстан, Моңғолия және Канада өкілдерінің белсенді қатысуымен «Канада-Еуразия» сауда палатасы өткізетін «Eurasia Mining Conference» конференциясына қатысты. Іс-шара аясында 2023 жыл PDAC көрмесінде Қазақстан үшін маңызды жыл болғаны атап өтілді. ҚР Ұлттық павильоны орнатылып, алғашқы Қазақстан-Канада Бизнес-форумы өткізілді.
ҚР өкілдері Aurora Minerals – «Kazakhstan Day» компаниясының ҚР тау-кен өндіру саласын дамыту перспективаларына арналған іс-шарасына қатысты. Іс-шараға қатысушылар елімізде жүргізіліп жатқан тау-кен саласындағы реформаларды жоғары бағалады, сондай-ақ оның елеулі инвестициялық әлеуетін атап өтті.