
Құрметті ҚР азаматтары!
2020 ж. 21 наурыз сағ. 00:01-ден бастап Канада және АҚШ арасындағы шекарадан өтуге тыйым салу туралы шешім күшіне енді. Іскерлік сапарлар, коммерциялық тасымалдау, экипаж мүшелері, дипломатиялық персонал, сондай-ақ өз еліне қайтатын Канада және АҚШ азаматтары бұл шектеуден босатылады.
Алайда, Канада және АҚШ аумағында уақытша тұрып жатқан ҚР азаматтарына қатысты бұл тыйым әрекет етеді.
Сонымен қатар, Канада немесе АҚШ арқылы транзиттік рейспен ұшып кету үшін транзиттік мемлекеттің тиісті визасын алу қажет.
Жақын арада Канада аумағынан кетуді жоспарлаған азаматтарға Оттавадағы ҚР Елшілігі немесе Торонтодағы ҚР Консулдығын хабардар етуді ұсынамыз.