Канадалық бизнес Қазақстанда минералдық ресурстарды өндіру және қайта өңдеу саласындағы жобаларды іске асыруға мүдделі

Канадалық бизнес Қазақстанда минералдық ресурстарды өндіру және қайта өңдеу саласындағы жобаларды іске асыруға мүдделі

Ванкувер, 2023 ж. 25 қаңтар - Қазақстанның Канададағы Елшісі А.Камалдинов және «KzakhInvest» АҚ-ның Солтүстік Америка бойынша өкілі Ғ.Матаев Ванкувердегі жыл сайынғы «AME BC Roundup-2023» Халықаралық тау-кен конференциясы-көрмесінің жұмысына қатысты. Конференция жыл сайын әлемнің 50 елінен 5 мыңға жуық қатысушыны қабылдайды.

Іс-шара аясында қазақстандық делегация елімізбен іскерлік ынтымақтастықты дамыту мүмкіндігін қарастыратын Канаданың тау-кен секторының ірі және кіші компанияларымен бірқатар кездесулер өткізді. Компания басшылары ҚР-да жер қойнауын пайдалану және геологиялық ізденістер саласында жүргізіліп жатқан ақпараттарды оң қабылдап, қазақстандық нарыққа кіру бойынша нақты жобалар мен жоспарларды талқылауға дайын екендіктерін білдірді.

Қазақстандық өкілдер Канада-Еуразия сауда палатасы ұйымдастырған Орталық Азия, Түркия және Моңғолия елдерінің тау-кен саласының инвестициялық мүмкіншіліктеріне арналған «Mining in a transitional World: trends and Opportunities in Eurasia» сессиясының конференциясында сөз сөйледі.

Елші А.Камалдинов өз сөзінде қатысушыларды Қазақстандағы экономикалық реформалардың іске асырылу барысы туралы, сондай-ақ елдегі іскерлік ортаны одан әрі жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті. Өз презентацияларында Елшілік пен «Қазақинвест» ҰК өкілдері Қазақстандағы табиғи ресурстардың, оның ішінде сирек кездесетін металдардың жаңа кен орындарының бар әлеуетіне ерекше назар аударды.

Сапар аясында қазақстандық делегация Британдық Колумбия провинциясының 30 компаниясының басшыларымен іскерлік кешкі асқа қатысты. Бұл іс-шараны Қазақстандағы президенттік сайлауда тәуелсіз бақылаушы ретінде Астанаға барған канадалық сенатор Виктор Оудың ұйымдастыруымен өткізілді.

А.Камалдинов өзінің сөзінде еліміздің бизнес жүргізу үшін неғұрлым қолайлы заңнамалық жағдайлар жасаудағы жетістіктері туралы хабардар етті, сондай-ақ Қазақстан Республикасында жұмыс істеп жатқан канадалық компаниялардың табыс тарихымен бөлісті.

Канадалық компаниялар 2023 жылдың 5 наурызында Торонтода (Канада) өтетін «PDAC» Халықаралық тау-кен конференциясында өтетін Қазақстан-Канада бизнес-форумына қатысуға шақырылды.