Қазақстан Елшісі Ванкувердегі қазақ диаспорасымен кездесті

Қазақстан Елшісі Ванкувердегі қазақ диаспорасымен кездесті

Ванкувер қ., 2023 ж. 24 қаңтар – Қазақстанның Канададағы Елшісі А.Камалдиновтың Британдық Колумбия провинциясында тұратын қазақ диаспорасының белсенділерімен кездесуі өтті.

Іс-шараға Қазақстандағы кезектен тыс президенттік сайлау қорытындылары жəне ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың кең ауқымды реформаларын іске асыру, сондай-ақ Елшілік жұмысының басым бағыттары туралы, оның ішінде шетелдегі қандастарды қолдау жəне мемлекеттік қызметтер көрсету мəселелері болды. Ү.ж. 19 наурызда Елшілік жанынан №279 сайлау учаскесі ашылатыны атап өтілді, онда кезектен тыс парламенттік сайлауда дауыс беруге ниет білдірген Қазақстандықтар өздерінің азаматтық борышын орындай алатынын айтылды.

Өз сөзінде ҚР-дың Канададағы Елшісі Ақылбек Камалдинов қатысушыларды мерзімінен бұрын президенттік сайлаудың қорытындылары жəне Президент Қ.Тоқаевтың «Əділ Қазақстан: барлығына жəне əркімге. Қазір жəне мəңгі» сайлау алдындағы бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының негізгі басымдықтары туралы хабардар етті.

Қазақ диаспорасы елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды реформаларды қолдап, халықаралық аренада елдің беделін нығайтуға өз үлесін қосуға дайын екендігін білдірді.