ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АЗАМАТТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АЗАМАТТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

Канада аумағында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуына байланысты, ҚР Канададғы Елшілігі мен ҚР Торонто қаласындағы консулдығы оқу немесе жұмыс мақсатымен Канадада тұратын ҚР азаматтарының санағын жүргізуде.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда өзара қатынасты, тұрақты байланысты орнату және жедел ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында консулдық есепке тұруды және өз ақпараттарыңызды жаңартуды сұраймыз.

Анкета келесі сілтеме бойынша орналасқан - http://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ottawa/press/article/details/5332?lang=kk

Анкеталарды келесі электрондық пошталарға жолдауды сұраймыз:

ҚР Канададағы Елшілігі - ottawa@mfa.kz, kazconsulcan@gmail.com;

ҚР Торонто қаласындағы консулдығы - toronto@mfa.kz, kazconsultoronto@gmail.com.