Астанада «Қазақстан-Канада» Іскерлік кеңесінің 5-ші отырысы өткізілді

Астанада «Қазақстан-Канада» Іскерлік кеңесінің 5-ші отырысы өткізілді

Астана, 2022 ж. 24–25 қараша - Қазақстан-Канада Іскерлік кеңесінің бесінші Пленарлық отырысы өтті, онда 2022 ж. өткен Жұмыс топтарының (энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы, білім және медицина бойынша) қорытындылары қарастырылды.

Ісшараның негізгі мақсаты - өзара қызығушылық тудыратын экономикалық ынтымақтастықтың нақты бағыттарын анықтау және ілгерілету, сондай-ақ жаңа бірлескен жобаларды іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады.

Іскерлік Кеңеске канадалық канадалық тараптан, Канада Премьер-Министрінің ЕО мен Еуропадағы арнайы өкілі С.Дион, канадалық сенаторлар В.Оу және Ж.Дэжэнэ, «Cameco Corporation», «Condor Energies», «Bombardier», «Hatch», «De Havilland» сияқты ірі компаниялардың басшылары, сондай-ақ бизнес-қауымдастықтар мен жиырмадан астам канадалық компаниялардың өкілдері қатысты.

Қазақстандық делегация құрамына СІМ, ЭГТРМ, ИИДМ, ДСМ, БҒМ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК», АХҚО, «KazakhInvest» басшылығының өкілдері, сондай-ақ ҚР экономикасының түрлі салаларындағы бірқатар қазақстандық компаниялар кірді. Іс-шараға барлығы шамамен 100-ден астам адам қатысты.

Канада Премьер-Министрінің арнайы өкілі С.Дион мен Сенатор В.Оу Қ.Тоқаевты Қазақстандағы президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтап, еліміздегі экономикалық жетістіктерді, оның ішінде тұрақты дамуды, жасыл энергетиканы және адами капиталға инвестицияларды ынталандыратын саяси реформаларды құптады.

Өз сөзінде Қазақстанның Канададағы Елшісі А. Камалдинов АӨК және тау-кен саласындағы әріптестіктің белсенді дамуын ерекше атап өтіп, сауда және инвестициялық ынтымақтастықта елеулі әлеуетін атап өтті. Ол сондай-ақ екі ел арасындағы жаңа жобаларды талқылау және іске асыру үшін Іскерлік кеңес алаңын барынша пайдалануға шақырды.

Сондай-ақ, Іскерлік кеңес қатысушыларының алдында отырыстың тең төрағалары «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы Е.Мұқанов және «Cameco Corporation» компаниясының президенті Т.Гитцель 2022 ж. атқарылған ісшаралар туралы шолу баяндамаларымен сөз сөйледі.