Әлемдік тау-кен қауымдастығы Қазақстанның тау-кен саласына қызығушылық танытады

Әлемдік тау-кен қауымдастығы Қазақстанның тау-кен саласына қызығушылық танытады

Канаданың іскери астанасы – Торонто қаласында 1-4 наурызда әлемдегі ең ірі тау-кен металлургия саласындағы іс-шара - «Prospectors & Developers Association of Canada» (PDAC) Халықаралық тау-кен конференциясы өтті, оған ірі қазақстандық делегация қатысты, оның ішінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту, Экология, геология және табиғи ресурстар министрліктері, Тау-Кен Самұрық, Қазгеология, Қазгеоинформ, Kazakh Invest, АХҚО және жеке секторының компаниялардың басшылығы.

Конференция аясында алғаш рет Қазақстанның Канададағы Елшілігінің қолдауымен еліміздің делегациясы ұйымдастырған тау-кен саласының инвестициялық тартымдылығына арналған жеке шара - «Қазақстан күні» өткізілді. Канадалық және халықаралық компаниялардың аса қызығушылығын тудырған тұсаукесер сессиясына, іс-шараның ерте басталуына қарамастан, 150-ден астам әлемнің тау-кен секторының компаниялары қатысты.

Олар Канада мен Австралияның үлгісі бойынша Қазақстанның тау-кен өндірісіне инвестициялау үшін ең қолайлы заңнамалық жағдайлар жасаудағы еліміздің жетістіктері, бизнес жүргізу үшін мүмкіндіктері, сондай-ақ біздің елімізде жұмыс істеп жатқан компаниялардың жетістіктері таныстырылды.

PDAC аясында қазақстандық делегацияның Канаданың Табиғи ресурстар министрлігі, сондай-ақ Онтарио, Квебек, Британдық Колумбия провинцияларының экономикалық, геологиялық және жер қойнауын пайдалану жөніндегі министрліктері және Канада мен Kinross Gold, Teck Resources, Anglo-American, B2Gold, Fortescue, Freeport, Agnico Eagle, Cameco, Barrick Gold, Teknobuilt және басқа да әлемдік тау-кен секторының ірі компанияларының басшылығымен бірқатар кездесулері барысында біздің елмен іскерлік ынтымақтастықты дамыту мүмкіндігі қарастырылды. Компаниялардың жетекшілері Қазақстанда тау-кен секторына шетелдік инвесторларды тарту мақсатында жүргізіліп жатқан өршіл реформалар туралы ақпаратқа оң таңданыс білдірді және қазақстандық делегацияны ынтымақтастық пен қазақстандық нарыққа шығудың нақты мүмкіндіктерін талқылауға дайын екендіктеріне сендірді.

Қазақстан делегациясы PDAC аясында өткен және Дүниежүзілік экономикалық форуммен бірлесіп ұйымдастырылған Тау-кен министрлерінің халықаралық саммитіне, сондай-ақ Еуразиядағы Халықаралық тау-кен конференциясына қатысты.

PDAC конференциясы жыл сайын 135 елден 25 мың адас қатысады, оның ішінде 6 мыңнан астам компаниялар.