
20 ақпанда Елші А. Камалдинов Торонто қаласында ic-сапарымен болды, оның барысында Онтарио провинциясынын Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Р. Росси, Торонто университетінің вице-президенті Т.Саржент және Онтарио провинциясынын Экономикалық даму, жұмыс орындарын құру және сауда министрі В.Феделимен кездесті.
Кездесулер барысында тау-кен өндірісі, машина жасау, табиғи ресурстар, ауыл шаруашылығы, ғылым және білім саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.