
Торонто, 2022 жылғы 11 қазан - Қазақстанның Канададағы Елшісі А.Камалдиновтың Торонто қ. (Онтарио провинциясы) жұмыс сапары өтті. Сапар аясында қазақстандық дипломат Канада-Еуразия сауда палатасы ұйымдастырған «дөңгелек үстелге» қатысты. Бұл іс-шараға Канада экономикасының түрлі секторларынан 30-дан астам компанияның өкілдері қатысты.
Өз сөзінде А.Қамалдинов қатысушыларды Қазақстандағы саяси және экономикалық реформалардың іске асырылу барысы туралы, сондай-ақ елдегі іскерлік ортаны одан әрі жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті. Өз презентацияларында Елшілік пен «Қазақинвест» ҰК» АҚ өкілдері экономикалық ынтымақтастықтың жаңа перспективалық бағыттарының, соның ішінде ақпараттық технологиялар, жаңартылатын энергия көздері, сирек жер металдары, көлік және логистиканы дамытудың қазіргі әлеуетіне ерекше назар аударды.
Сондай-ақ, Avalon Advanced Metals (литий батареялары), Athletica Sport Systems (спорт жабдықтары), Hatch (инжинирингтік қызметтер) және NDT Technologies (автоматтандырылған бақылау жүйелері) жоғары технологиялық канадалық компаниялардың басшылығымен екіжақты келіссөздер жүргізілді.
Іс-шара қорытындысы бойынша канадалық компаниялар ү.ж. 24-25 қарашада Астана қаласында өтетін Қазақстан-Канада Іскерлік кеңесінің 5-ші отырысына қатысуға шақырылды.
Сапар соңында Онтарио провинциясының сауда палатасының президенті Рокко Росси мырзамен
(60 мың мүше компания) кездесу, сондай-ақ Li-Metal (литий өнімдері) компаниясының басшылығымен кездесу және өндіріс алаңына бару ұйымдастырылды.