Қазақстанға кіру үшін шектеулерді алып тастау туралы

Қазақстанға кіру үшін шектеулерді алып тастау туралы

Бүгінгі күнге Канада азаматтары визалық талаптарды сақтай отырып, Қазақстанға қосымша негіздерсіз келе алады.

________________________________________

Қазақстанға шет елдерден келген барлық жолаушылар COVID-19 тестінің теріс нәтижесі бар ПТР анықтамасын ұсынуы керек. Анықтама материал жиналған күннен бастап Қазақстан Республикасының шекарасынан өткен сәтке дейін 72 сағат бойы жарамды деп есептеледі. Анықтама ағылшын, орыс немесе қазақ тілдерінде болуы тиіс.

Қазақстанға кіру кезінде ПТР анықтамасы талап етілмейді:

  • 5 жасқа дейінгі балаларға;
  • егер вакцинаның екінші компонентті алғаннан кейін Қазақстанның шекарасын кесіп өту сәтінде 6 айдан аспаған болса, Қазақстанда ревакцинацияны немесе COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған адамдарға құжаттық растауды ұсынған кезде;
  • Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп танылған COVID-19-ға қарсы вакцинация туралы паспорт/сертификат/анықтама ұсынған адамдарға: Аргентина, Армения, Беларусь, Белиз, Боливия, Ұлыбритания, Мажарстан (Венгрия), Грузия, Үндістан, Индонезия, Иордания, Иран, Канада, Қырғызстан, Мальдив, Молдова, Моңғолия, Перу, Сан-Марино, Сербия, Таиланд, Тунис, Түркия, Филиппин, Черногория, Чехия, Шри-Ланка, Эквадор, Эстония, Жапония.
    Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібінің толық мәтіні осы сілтеме бойынша орналастырылған.